Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2937 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 10:49

АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ 9 АЙДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ӨНІМІ 47,8 МЛРД БОЛДЫ

Қазақстандағы ең ірі мегаполис – Алматы қаласы табиғи ресурстарға, жерасты байлықтарына (мұнай-газ секторына) иек артпағанда, ішкі экономикасы инновация, шағын және орта бизнес пен ішкі және сыртқы туризмге түзілген бірден-бір қала.

Кешелі бері Алматы қаласында өтіп жатқан «Almaty Invest 2016» Халықаралық экономикалық форумына қатысушы 500-ге тарты экономист сарапшылар осындай пікірде.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Алматыға инвестиция көптеп тартылуда. Осыған сәйкес, арнайы «Алматы-2020» Даму бағдарламасын жасалып, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырылып отыр.

Аталған Халықаралық экономикалық форумға келген шетелдік сарапшылар Алматы қаласының ЖІӨ көрсеткіші ел бюджетінің 20 пайызын құрайтынын айтады. Бұл Республикалық ЖІӨ-нің ¼ құрайды деген сөз. Сондай-ақ, Алматы Орталық Азиядағы инвестициялық орталыққа айналуға қауқарлы. Оның жылдық бюджеті Қырғызстан, Тәжікстан мен Грузия секілді елдердің жалпы экономикалық өсімінен бірнеше есеге жоғары.

«Almaty Invest 2016» Халықаралық экономикалық форумы Алматының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсететін, мегаполистің экономикалық әлеуетіне тікелей әсер ететін жиын. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастамасымен мегаполистің әр ауданында, «Almaty Invest 2016»  форумы қарсаңында инвестициялық форумдар өткізілді. Соның бірі Алатау ауданында «ALATAY ІNVEST» форумы.

Алматының стратегиялық даму ауданы болып саналатын Алатау ауданында «Индустриалдық аймақ» орналасқан.

Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров ашып берген инвестфорумға Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Е.Салдаров, «Индустриалдық аймақ» ЖШС бас директоры Ә.Бөрлібаев, кәсіпкер-инвесторлар қатысқан.

Аудан әкімі Б.Мәнізоров Алатау ауданының мегаполис экономикасының дамуындағы орнына тоқталып, инвестор-кәсіпкерлерді шаһар экономикасына инвестиция құюға шақырды.

«Индустриалдық аймақ» ЖШС бас директоры Әділ Бөрлібаев Алатау ауданында орналасқан Алматы индустриалды аймағының толық жұмыс істеуге 98 пайыз дайын екенін баяндады. Шетелдік және қазақстандық инвесторлар Алматы индустриалдық аймағында өз өндірісін орналастыруға қызығушылық танытуда. Бүгінгі таңда Индустриалдық аймақта 170 млрд. теңгеге 33 жоба енгізіліп, 5 мыңдай жұмыс орны ашылған. Қазіргі уақытта 13 жоба жүзеге асырылуда.

Аймақтағы ең үлкен жобалардың бірі – көкөніс-жеміс өсіру жылыжай кешенін, «BRBAPK» ЖШС іске асырып отыр. Индустриалдық аймақтағы жүзеге асып жатқан өзге жобалардың бірі – қағаз қапшықтар шығаратын «Almapack Co.LTD» ЖШС.

Жалпы, индустриалдық аймақтағы өндіріс-жобалардың негізгі бағыты – импорт алмастыру. Алматыда қолға алынған мәселенің тағы біреуі – шаһардағы өндірістік орындарды қала сыртына, Индустриалды аймаққа көшіру.

«ALATAY ІNVEST» форумында осынау мәселелерге анықтама беріліп, Алатау ауданының индустриалды-экономикалық ахуалы мен мүмкіндіктері айтылды.

Алатау ауданында 2016 жылдың 9 айында өндірістік өнім өндіру 47,8 млрд. болды. Ауданда сауда саласы да дамып отыр. Бүгінде Алатау ауданында 280 сауда орындары бар, оның 11-і – базар, 8-і – кешенді  сауда орталықтары.

2016 жылы «Ақбұлақ» сауда орталығы пайдалануға берілді. Ауданның көтерме сауда айналымы 342,2 млрд. теңге. Қорыта айтқанда, Алматы Индустриалдық аймағы орналасқан, мегаполистің стратегиялық даму аймағы – Алатау ауданы шетелдік және қазақстандық инвестор­лардың қызығушылығын тудырып отыр.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров «Almaty Іnvest-2016» форумында инвесторларға Қазақстанға инвестиция салудың артықшылықтарын айтып берді.

«Бізде биылғы жылдың басынан бастап, еліміздің барлық өңірінде инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты жұмыс жасайды. Жыл басынан бері 4000 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде виза алудан бастап, жұмыс күшін әкелу, жер учаскелерін алу қызметтері бар», - деді Ерлан Қайыров.

Сонымен қатар, вице-министр елімізде инвестицилық омбудсмен бар екенін де атап өтті. Бұл салада инвесторлардың пайдасы үшін сотқа дейін 60 мәселе шешілген. 

«Егер сіз Қазақстан үшін жаңа тауар шығаратын болсаңыз, ол тауар экспортқа бағытталса онда Үкімет құрылыс-монтаж жұмыстары және сіздің құрылғы бағасына қатысты шығынның 30 пайызын өтеуге дайын. Біз шетелдік жұмыс күшін құрылыс жұмыстары барысында Қазақстанға кіргізуге және құрылғыны іске қосқаннан кейін де бір жылға кіргізуге рұқсат береміз», - деді вице-министр.

Е.Қайыров 11 жылда Қазақстан 230 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тартқанын айтты, мұндағы негізгі инвестиция мұнай-газ секторына салынған. Бірақ, индустрияландыру бағдарламасына сәйкес, қазіргі шетел инвестициясы өңдеу секторына салынып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550