Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарих 15108 1 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 12:00

Серік ДӘУЛЕТОВ. АЛШЫНДАРДЫҢ КӘСІБІ (жалғасы)

Жалғасы. Өткен бөлімдерін төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар: 

http://abai.kz/post/view?id=11229

http://abai.kz/post/view?id=11255

http://abai.kz/post/view?id=11495  

Орман елі-алшындар 13 ғасырдаБұқтырмаөзенінен Байкал көліне дейінгі (Барғұжы тоқым) аралықтағы Алтай-Саян таулы ормандары мен орманды далаларында мекен етті. Мұнда тау теке, арқар, киік, құлан, қарақұйрық,  елік, бұғы, марал,бұлан, қабан, жабайы түйе, аю, сілеусін, ірбіс, қасқыр, түлкі, қоян, тиін, бұлғын,сусар, кәмшат, ақкіс, борсық, суыр сияқты жануарлар жәнекекілік, қырғауыл, қаз-үйрек, ұлар, құр т.с.с.  20 ғасырдың басынданебәрі 291 түрлі құс болғанын Г. Грумм-Гржимайло өз еңбегінде атап өтеді. 13 ғасырда аң-құстың саны да, түрі де әлдеқайда көп болғаны түсінікті.

Алшындардың негізгі күн көру кәсібі аңшылық болды. Аңшылық тұрақты және маусымды негізде жүргізілді. Тиін аулау қыркүйекте басталса, қазан айында құндыз, желтоқсанда тауешкі, бұлан ауланған. Түлкіні күзден ерте көктемге дейін аулаған. Басқа аңдар жыл бойы, жаздың екі айынан басқа уақытта ауланды. Күз мезгілінде ауланған тұяқты ірі жануарлардың еті, майы қыста күнделікті азық ретінде пайдаланылу үшін сүрленіп, терісі өңделіп, сырт киім, аяқ киім, түрлі үй бұйымдарын жасауға жұмсалды. Бағалы аң терілері айырбас тауары не сый-сияпат ретінде жүрді.Оның бір мысалы, жоғарыда келтірілген «Моңғолдың құпия шежіресінен» үзінді. ОндаҚырғыз және Орман елдерінің нояндары Шыңғыс ханға  тарту-таралғы ретінде ақбоз ат пен ақсұңқардан басқа қара бұлғын силайды.

Аталмыш шежіреде мынадай да оқиға бар. Әйелі Бөртенің жасауы ретінде келген қара бұлғын ішіктіТемүжінкерейіттің Тұғырыл Оң ханына сыйға береді. Бұл ішік кейінірек өзінің тарихи рөлін атқарды, Оң хан бұлғын ішік үшін Бөртені меркіттер тұтқынынан азат етуге көмектесті.

«104-бөлім

Солай жасаған соң Темүжін, Қасар, Белгүтей үшеуі Керейдің Тұғырыл Оң ханы Туыл өзенінің Қара Түн деген жерде болғанында барып:

«Үш Меркіт аяқ астынан аңдаусызда жетіп келіп бала-шағаны алып кетті. Хан әкей, әйелім мен ұлдарымдықұтқарып беріңіз деп келдік» дейді. Ол сөзге Тұғырыл Оң хан былай дейді:

«Мен былтыр саған айтпап па едім. Бұлғын тоныңды әкеліп, әкеммен бір заманда анда болған әкемдей қамқорла деп кигізген кезде мен саған

«Қара бұлғын тон үшін,

Қаңғырған еліңді жинап берейін.

Бұлғын тон үшін,

бытыраған еліңді

тұтастырып берейін.

Бүйректен сирақ шықпасын,

Көкіректен сөз шықпасын»

деп айтпап па едім.

Енді сол сөзімде тұрып,

бұлғын тоның үшін

бүкіл Меркітті быт-шыт етіп,

Бөрте үжініңді әкеліп берейін мен,

қара бұлғын тоның үшін

барлық Меркітті талқандап,

Бөрте қатұнды қайтарып берейік біз».[1]                           

Темүшін дүниеге келгенде үрәңқайдың Жаршытай деген ақсақалы (Шыңғыс ханның даңқты қолбасшысы Сүбетейдің әкесі) сыйлыққа бұлғынжөргекалып келеді, ол туралы «Моңғолдардың құпия шежіресінде» мынадай жолдар бар:

«Содан кейін олар қайтып Бүргі жағасындаболғанда Бұрқан Қалдұннан Ұрыйанқайлық кісі Жарчыдай ақсақал көрігін көтеріп, Желме деген ұлын ертіп келіп, «Онон өзені Делуін Болдақ деген жерде болғанда Темүжін туған кезінде бұлғын жөргек берген едім. Сол кезде Желмені бермекші едім, ол жасы кіші болған соң алып кеткен едім.

Енді Желмемен

Ер тоқымыңды ерттет,

Есігіңді түргіз»

-деп оны Темүжінге берді».[2]

Темүжінге атқосшы болған Желме кейін атақты ноянға айналды, кейінірек оған інісі Сүбетей де келіп қосылып, Шыңғыс ханға қызмет етті.Сүбетейдің қолбасшылық атақ-даңқы ағасынан да, баcқа моңғол әмірлерінен де асып түсті.

Орман елінің кейбір тайпаларының аттары олардың қандай кәсіппен айналысқанын көрсетеді.

«Племена булагачин и кэрэмучин.

[Оба] они обитали в пределах [той же

местности] Баргуджин-Токум и у самого края

страны киргизов. Они близки друг к другу».[3] 

Рашид әд-Динайтып отырған бұл екі тайпа бұлғын және тиін аулаумен айналысқан.

БУЛГАI. бұлғын;~н малгай бұлғын тымақ; ~ны арьс бұлғынның терісі.[4]

ХЭРЭМ I.(жәндік) тиін;~ний хорил тиіннің қорғағы, тиіннің ұясы; ~ний хонгио тиіннің ұясы, тиіннің үңгірі; хар ~ қара тиін; хув ~құбаң тиін, бурыл тиін.[5]

Жоғарыда Урунгу өзенінің бойынмекендегенМасқарлар туралы  Грумм- Гржимайлодан үзінді келтірілген еді. Урунгу өзенінің моңғолша атауы да бұлғынға байланысты- Булган-Гол= Бұлғынды өзен.

Саят-үрәңқайлардың Қосоғол көлінің маңында тұратын бір руы Халюш немесе Қалиушын деп аталады[6] - кәмшат аулуаушылар деген сөз, қараңыз:

ХАЛИУ 1. (жәндік) қама, қамшат, 2. (тері) қамшат тері; ~малғай қамшат  тымақ; ~зах қамшат жаға.[7]

Алшын шежіресінің Шекті Тілеуді Едігеден тарқататын вариантында  Қалу деген атамыз бар.Тарих зерттеуші Аманбай Құнтөлеуов Қалу туралы былай дейді:

«Әлқисса, Кіші жүздің 25 рудан тұратын аталығын – 12 ата Байұлы, 7 ата Жетіру және 6 ата Әлім құрайды. Әлімнің бір баласының аты Жаманақ (Шекті аталады- А. Қ.) екені жоғарыда айтылды. Осы арада айта кететін қайшылығы мол бір мәселе бар. Бір шежіреде Шектіден- Шыңғыс, Өріс, Баубек туды десе, екіншісі: Шектіден- Шыңғыс, Өріс, Баубек және Қалу (Мәку) туған дейді. Ал осындағы Қалу Шектінің баласы ма, жоқ па?-дейтін сұраққа жауап іздеп, келесі бір шежіренің авторы, қазақтың әйгілі тарихшысы М. Тынышбаевтың тұжырымдауын қаперге алсақ, ол тумаған болып шығады».[8]

Қалу есімі де аң-құсқа байланысты. Қазаққа мағынасы түсініксіз бұл сөз қаз дегенді білдіреді:

ГАЛУУ қаз, қоңырқаз (құс); ~ны дэгдээхэй қоңырқаздардың балапаны; ~ шувуу ганганах қоңырқаздар қаңқылдау; тэжээмэл ~ асыранды қаз, үй қазы;зэрлэг ~жабайы қаз.[9]

13 ғасырда Саян тауларының Минусин ойпатын, Енисей бойын мекен етіп Алшындармен аралас-құралас болған қырғыз халқының ішінде де аңшылыққа байланысты ру атаулары баршылық.

МысалыБұғы, Құсшы, Жапалақ, Киік Найман, Бозторғай,

Соколок,

(СОГОО марал; согооны чих маралдың құлағы.[10])

Кодогочун

(ХӨДӨГ кэдек, орман кептері (көгершін тәріздес кішкене көгілдір құс)[11] )

рулары.

Қырғыздарда Кесек, Бай кесек, Жоо кесек, Қазақтарда Алшындарда және Арғындарда Қаракесек руы бар. Бұл жерде кесек сөзі моңғолша күшіген деген сөз

ХЭСЭХ II күшіген (құс).[12]

Қырғыздардың еншілесі хакастарда Тиін руы бар.

Алшынның Таз руының атауы да құсқа байланысты – моңғолша тазқара деген құсты тас деп атайды.

ТАС I(құс) таз, тазқара; ~ын булга- ~ын хөөмий тазқараның жемсауы. [13]

Алшындар бүркіт, сұңқар, қаршыға, сапсаң, бөктергі, ителгі сияқты алушы құстарды баптап өздері алатын аң-құстарға түсуді үйреткен, ол өнер саятшылық деп аталады. Саятшылық сөзінің төркіні Саян тауларын мекен еткен Орман елінің атауы- Саят(Сойот- Үрәңқай) сөзі екені айтпаса датүсінікті.

Саятшылық өнері ептілікті, төзімділікті талап етеді. Балапан бүркітті құз қиясынан алып, баулып, бабына келтіріп аңға салғанша бірнеше жыл кетеді. Құстың құндақ, тұғыр, томаға сияқты әбзел-жарақтарын әзірлеу өзінше бір өнер.

«Наши умелые и воинственные предки создали универсальные правила работы с птицей и различные атрибуты в виде колпака на птичью голову, специального устройства для ношения ее на руке и другие. Все они используются и сегодня. За многие столетия к правилам охоты с ловчей птицей, по сути ничего не добавилось- настолько совершенными они были изначально... Любопытно, что казахские ханы во время охоты использовали исключительно аксункара (белого сокола), почитая его аристократической птицей».    

дейді ғалым Нәпіл Базылхан «От двуглавого орла до аристократического аксункара» деген мақаласында.[14]

Жартасқа салынған сурет[15]

Қазақ хандарының аңға ақсұңқар салуы Шыңғыс хан дәуірінен бұрынырақ бастау алған үрдіс болса керек. Орман елімен қырғыз нояндары жоғарыда айтылғандай, Шыңғыс ханға тарту ретінде ақбоз ат, қара бұлғынмен қатар ақсұңқар сыйлағаны соның дәлелі. Шыңғыс ханның немересі Күйік хан 500 ақсұңқармен саятшылық құратынына әйгілі жиһангез Марко Поло куә болған. Шыңғыс хан өзі де сұңқар салып, аңға шығып отырған.

 Алайда, Шыңғыс хан аңға тек сән-салтанат құру мақсатында шықпаған. Оның аңшылықты мемлекет деңгейіне көтергені,  әскерінің жорықтарға әзірлігін сынау үшін және шынығып-шыңдалуын арттыру үшін жоспарлы түрде аңшылық ұйымдастырып отырғаны тарихтан белгілі:

«Ловитву Чингис Хан строго содержал, говорил, что-де лов зверей подобает военачальникам: тем, кто носит оружие и в боях бьется, надлежит ему обучаться и упражняться (дабы знать) когда охотники доспеют дичь, как вести охоту, как строиться, и как окружать дичь, по числу людей глядя. Когда соберутся на охоту, пусть высылают людей на дозор и осведомляются о роде и числе дичи. Когда не заняты военным делом, пусть непременно ревнуют об охоте и войско к тому приучают.

Цель не только сама охота, а больше то, чтобы воины приобвыкали и закалялись, и осваивались со стрелометанием и упражнением»[16]

Бұл тұрғыдан қарағанда жастайынан басын қауіп-қатерге тігіп, түз тағысын аулап, әдіс-айласын, мергендігін шыңдап өскен алшындар Жошы хан үшінтаптырмайтын әскери күш еді.

Алшындардың кейінгі елі Ноғайлының жырларында Қамбар батырдың аңшы болуы, Ер Тарғынның әкесі Естеректің аңшы болуы, ер Едігенің бабасының есімі  Аңшыбай батыр болуы сол дәуірде аңшылық пен батырлық бір-біріне жақын ұғымдар болғанының айғағы.

«В Алтайско-Саянских горах с доисторических времен жили люди, а бурная история Великой степи издревле перемешивала ее народности в этнические группы... В борьбе за существование, в опасных переправах через бурные реки и высокие перевалы, в охоте на медведей и козерогов формировался особый тип азиатского горца- это были смелые до отчаянности люди, физически крепкие,умеющие владеть оружием и легко переносящие жару и холод. И в самом центре этой страны из разноплеменных элементов сложилась с незапамятных времен не слишком многочисленные, но стойкие и сильные племена.»[17]

Сонымен, Алшындар- 13 ғасырда Байкал көлінен батысқа қарайғы тайгада- Саян, Алтай тауларынан бастау алатын Енисей, Обь, Ертіс өзендерінің және олардың бассейніндегі Тұба, Алаш, Адай,Беріш, Шеркеш, Таз,Кеті, Әлім, Шекті,Тобыл т.с.с. өзендердің бойында, Төлес көлініңжағасында, Бай тайга, Қабақ тайга, Кесек тайга, Қынық тайгасияқты таулы тайгаларда, Сақал тауындаөмір сүріп аңшылықты кәсіп еткен саят- үрәңқайлар мен төлестер.

Алшын рулары мен тайпаларының атауларына сәйкес келетін өзен, көлдер, таулар мен тайгалар сияқты топонимдердің географиялық координаттары бойынша 13 ғасырда Алшындар мекен еткен территорияның картасын жасап, төменде беріп отырмыз. Ол топонимдердің ірі масштабтағы карталары  келесі тараулардакелтірілген.

 

(жалғасы бар)
abai.kz

[1]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 1- том. Алматы. «Дайк-Пресс».2005ж. 119-120-бб.

[2]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 1- том. Алматы. «Дайк-Пресс».2005ж., 110-б.

[3]Сборник летописей. 1-том. Ленинград. СССР ҒА баспасы. 1952 ж. [122]

[4]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж. 92-б.

[5]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж. 662-б.

[6]Г.Грумм-Гржимайло. Западная монголия и Урянхайский край. Ленинград,1926 ж. 3-т. 10- б.

[7]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж. 560-б.

[8] Әл-Қүланды А. Қ. Ұранға шыққан Бақтыбай. Алматы, Дәуір, 2010 ж. 85-б.

[9]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж. 118-б.

[10]Б. Базылхан. Монгол-казах толь.Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 415-б.

[11]Сонда, 605-б.

[12]Сонда, 663-б.

[13]Сонда, 453-б.

[14]www.centrasia.ru/newsA.php?st=1364645820

[15]Сонда

[16]Ала ад-Дин ата-Мелик  Джувейни. История завоевателя мира- Тарих-и джахангуша. О порядках заведенных Чингис ханом после его появления, и о ясах, кои он повелел. пер. В. Ф. Минорского. О составе Великой Ясы Чингис Хана. Вернадский Г.В. Исследования и материалы по истории России и Востока. вып. 1.Брюссель,1939 ж.

[17]В. А. Чивилихин.Память. Москва,Алгоритм, 2007 ж. 88-б.

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529