ТРАМП ПРЕЗИДЕНТ БОЛМАУЫ МҮМКІН
Осыдан бір ай бұрын АҚШ-та Президенттік сайлау өтіп, онда миллиардер Доналд Трамп жеңіске жеткен болатын. Көп жұрт күтпеген жерден жеңіске жеткен Трампқа президенттік тақты әлден беріп жатыр. Жирен-сары миллиардердің жеңіске жеткені рас. Дегенмен АҚШ-тағы сайлау жүйесінің бізге түсініксіз тағы бір тетігі бар. Онда сайлау екі кезеңнен тұрады.
Трамптың алғашқы жеңісінен кейінгі желпінісі көп американдықтың көңілінен шықпаса керек, саяси сарапшылар Трамптың президенттік лауазымын Клинтон ханым тартып алуы мүмкін деген пікірде. Тіпті, Доналд Трамптың жеңісіне айрықша қуанған ресейлік сарапшылар да сондай болжамдар айтуда. Жақында «Комсомольская правда» басылымында «Трамп президенттік мансабынан айырылып қалуы мүмкін» деген мақала жарық көрді. Онда мұхиттың арғы бетіндегі жұрттың Трампқа сенбейтіндігі айтылады.
8-қарашада өткен сайлауда қарапайым халық бюлетендерге белгі қойып, өз дауыстарын береді. Осы процесстен тұп-тура 40 күн өткенде әрбір штаттағы таңдаушылар алқасы өз дауыстарын қалаған үміткеріне беретін болады.
Сайлаудың өткен кезеңінде Доналд Трамп 50 штаттың 30-ында жеңіске жеткен. Онда да басты қарсыласы Хилари Клитнтоннан сәл ғана басымдық көрсеткен-тін.
Енді 19 желтоқсан күні таңдаушылар алқасы өз кандидаттарын сайлайтын болады. Демократияның нағыз үлгісін көрсеткен осы жолғы сайлаудағы қызықтың көкесі осы жерде секілді. Себебі, таңдаушылар алқасының кейбірі Трампқа дауыс беруден бас тартып, оның жеңісін легетимді деп мойындамайтынын айтыпты.
«New York Times» басылымына сұхбат берген Техас штатының таңдаушысы Кристофер Супрун магнатқа дауыс бермейтінін айтқан. «Трамп Ұлтты біріктірудің орнына бір-бірлерімен араздастырып отыр»,-дейді Супрун.
«New York Times» басылымында жарық көрген «Мен неге өз даусымды Доналд Трамқа бермеймін?» деген мақаласында Кристофер Супрун мырза Трамптың демогог екенін айтып, шетелдік «ауқаттыларға» тәуелді екендігін айтыпты.
Әсіресе, Трамптың сайлаудан кейінгі сөздерінен кейін Супрунның жақтастары 19 желтоқсанда Трампқа дауыс бермеуін өтініпті.
Доналд Трамп сайлау алды додаларында Ресеймен жауласуды доғаратынын ашық мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ, «Хилари Клинтонның электронды поштасын Ресей агенттері бұзуы тиіс» дегенді де айтқан.
Сондай-ақ, Мексикамен шекараны жауып тастайтынын, мұсылман мигранттарын елден қуып шығатынын айтып, қара нәсілділерді кемсіткен сөздер айтқаны да оның репутациясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осының барлығын айта келе, Супрун мырза 19 желтоқсандағы сайлауда Доналд Трампқа дауыс бермейтінін жеткізген. «15 жыл бұрын мен өз Отанымды, оның Конституциясын қорғаймын деп ант бергем. 19 желтоқсан күні мен қайтатын Отанымды қорғауға барамын»,-депті.
Айта кетейік, Кристофер Супрун Трамқа дауыс беруден бас тартқан алғашқы таңдаушы емес. Техастық тағы бір саясаткер Арт Сиснерс те Трамптың президенттік окмпаниясына сенімсіздік танытқан-тын. Техастан өзге Огойо штатының таңдаушылары да Президенттікке Трамптан гөрі Клинтонның лайық екендігін айтады.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz