Оңтүстіктің халқы қар түскенше қауын-қарбыз жейді
Дәл қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстанның бірсыпар аудандарындағы базарларда әлі де қауын-қарбыз сатылып жатыр. Өйткені бұл өңірдегі ауа-райывна байланысты шаруалар жаздан қара күзге дейін бірнеше рет өнім алады.
Қарбыз – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Және де бақша дақылдарының ішінде ең көп тарағандарының бірі. Жер бетінде қарбыздың бес жүзден астам сорттары өсіріліп келеді. Бұл дақылдың жабайы түрлері де бар. Ол негізінен, Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда ұшырасады. Қарбыздың қазақ жерінде көп өсірілетін аймағы – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстары. Осы өңірлердің ауа-райы да, жерінің құнарлығы да, ылғалдылығы да әртүрлі. Соған байланысты ол аймақта өсірілетін қарбыздардың да сорттары әртүрлі.
Асханалық қарбыздардың барлық аудандастырылған сорттары оның мәдени түрінен шығып, өсіп-өнген. Тамыры тармақты, жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2-3 метрдей. Қарбыз гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде 2 үйлі де болып келеді. Қарбыздардың түсі ақ, ала, қоңыр жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш. Тағамдық қарбыздың салмағы 0,6-16 келі, мал азықтық қарбыздың салмағы 10-15 келі. Қарбыздың үш түрі бар. Олар: жабайы өсетін, асханалық, азықтық. Жылу сүйгіш дақыл, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді, тез үсік алғыш. Өңделіп, тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі.
Қазақстанда қарбыздың ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін – Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647/649; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылып, өсіріліп келеді. Қарбыздың кейбір кеш пісетін Мелитопольский – 142; Малитопольский – 60; тәрізді сорттарының жемісін 3-5 градус температурада қаңтар айына дейін сақтап қоюға болады.
Оңтүстіктің диқандар қауын-қарбызды қысқа дейін сақтауға әбден машықтанған. Нәтижесінде облыста әлі де қауын-қарбыз саудасы қызып тұр.
Абай-ақпарат