Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 2711 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 14:08

Шардараның балығы шетелге экспортталуда

Шағалалы Шардарада балық өндірісі өркендеп, бүгінгі таңда балығы шетелге экспортталып жатыр. Атап айтқанда  «Хамит» балық өңдеу компаниясы су жануарының сүбе етін Грузия, Германия, Украина Республикаларына және Ресей Федерациясына жөнелтуде. Аталмыш кәсіпорын балық шабағын сырттан тасымалдайды.

Тауарды барынша өңдейтін зауыт соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталып, жылына 3 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы.

Мұнда қос бірдей желі жұмыс істейді. Алдымен, балық сүйегінен ажыратылады, сосын сүбе еттен филе жасалады. Тіпті, қалдығынан ұн да шығарылады екен. Тиімділігі сол, шикізат қалдықсыз өңделеді. «Сапалы өнімге сұраныс та жоғары», - дейді цех басшысы. «Хамит» селолық тұтынушылар кооперативі жылына өндірген өнімінің 70 пайызын шетелге жөнелтеді. Сондай-ақ, жергілікті 200 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Қазір зауыт балықтың сүйектен ажыратылған таза еті мен қақталған түріне басымдық берген. Кәсіпорын өз өнімін Еуроодаққа кіретін мемлекеттердің нарығына шығаруға арнайы рұқсат алған еліміздегі 10 балық өңдеуші зауыттың бірі.

Сондықтан да сапаға аса мән беретін зауыт негізінен көксерке мен алабұғаның таза етін экспорттайды. Қақталған қаракөз бен табанға да сұраныс жоғары. Сондықтан өндіріс басшылығы балық шабағын Қарағандыдан тасымалдап, оны қолдан өсіріп жатыр. Зауыт бүгінгі таңда Ресей, Беларусь елдерімен қатар, Германия мен Францияға дайын өнімдерін экспорттауда.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434