Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2743 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 13:56

«Қазақстанда кәсіпкерлер мен шаруаларға қолдау да көмек те көп»

Жиырма жылдан бері жылыжайда көкөніс, жеміс өсірумен айналысатын оңтүстікқазақстандық кәсіпкер Серғазы Бекмұрат осылай дейді. Өйткені  Серғазы бұл кәсіпті Ташкентте жүріп үйренген. Өзбекстан халқының көпшілігі жылыжаймен айналысатындықтан, бәсеке жоғары.

– Қазақстанда кәсiпкерлiкке кең жол ашылған. Бизнес бастаймын дегендерге қолдау да, көмек те көп. Кәсiпкерлiк мектептерiнде арнайы сабақтар өтiп, шаруаны неден бастау керектiгiн, жобаны қалай жасауға болатынын, тиiмдi кәсiптiң түрi қайсы екенiн бүге-шiгесiне дейiн түсiндiрiп беретiн мамандар бар. Мен де сол кәсiпкерлiк мектебiнен дәрiс алдым. Ташкентте өзiмiздiң лимон өсiретiн жылыжайымыз болды. Үйренiп қалған кәсiптi неге атамекенiм Шымкентте де жалғастырмасқа деп шештiм, – дейдi Серғазы Бекмұрат.

Қазақстанға көшiп келген он екi жылдың ішінде жылыжай салып, лимон өсiруге түбегейлi бет бұрған оның еңбегi еш кетпедi.

Бүгiнде «Оңтүстiк цитрус» жылыжайының басшысы Серғазы Бекмұраттың күтiп-баптауы келiскен лимон бағы жыл сайын жемiсiн молынан берiп келедi. Небәрi 2 гектар лимон бағынан жылына 120-130 тонна өнiм жинауда. Бiз үшiн бәрi бiр лимон болып көрiнгенiмен, Серғазыдай нағыз бағбанның бауында лимонның нешеме сорты самсап тұр.

Қазақтан нарығында өнімді өткізу әлдеқайда жеңіл. Кәсіпкер ендігі жерде тек пайда табумен шектелгісі келмейді. Оның үлкен арманы – «ON Цитрус» брендін танымал ету, халықты табиғи өніммен толық қамтамасыз ету. Сол үшін шаруақор жастарға жылыжай ісінің қыр-сырын үйретуді де қолға алған. Дәл қазір Серғазының лимондары өнім беріп, жан-жаққа жол тартып жатқан еңбектің қызған сәті. Сұраныс өз елімізде ғана емес, Ресей, Украина, Белоруссия кәсіпкерлерінен де жоғары екен. Өкінішке қарай барлығын толық қанағаттандыруға Серғазының 80 соттық жылыжайы аздық етеді. Қазақстандықтар жылына шамамен 50 мың тонна лимон тұтынса, жергілікті өнім оның бір пайызында толық қамти алмайды. Ауылшаруашылығы қарқынды дамып жатыр дегенмен, шаруалар қол үйреткен қияр, қызанақ өсірумен шектеліп жүр. Лимон шаруашылығының құлашын кеңейтіп, жанына серіктестер іздейтіні сондықтан. «Оңтүстік құнарлы жерімен, жаймашуақ күнімен диқаншылыққа өте қолайлы мекен. Біз өсірген лимондардың сұраныста жоғары болуының басты себебі күннен сіңіретін дәмділігінде» дейді ол.

«Бір талынан 60-70 кг-ға дейін тұрақты өнім алуға болады. Жер диханды бағу үшін, дихан жердің бабын табу керек. Сонда ғана жерге салған 1 теңге еселеп қайтады» деген ұстанымда еңбек етуде.

Бүгінде «Оңтүстік Цитрус» жылыжайында лимонның Ташкент F1, Ташкент F2, Мейер-Павловский сынды үш сорты, апельсиннің 2, мандариннің 3 түрі өседі. Аталған жеміс көшеттерін де жылыжайдан табасыз. Болашақта киви, ананас өсіруді жоспарлап отыр. Осылайша тек басқа құрлықтарда ғана бой көтеріп келген цитрустарды Оңтүстікте өсіріп, өңір атын шартарапқа танытпақ ниетте. Серғазы шаруашылықпен айналысамын деген талапкерлерге кез келген уақытта кеңес беріп, көмектесуге дайын екенін жеткізді. Қазірдің өзінде ол баулыған 20 үйренуші осы салада нәпақасын тауып жүр. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434