Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4769 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:21

Қыстық егін егу науқаны аяқталуға жақын

Оңтүстік Қазақстан облысында қысқы егін егу маусымы аяқталуға жақын. Биыл жергілікті шаруалар 180 мың гектардан астам алқапқа қыстық бидай егіп жатыр. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда көп көрсеткіш. Сондықтан шаруа қожалықтары қар түскенше егін егу жұмыстарын толық аяқтамақ.

Ауа райы қайта жылынысымен Қазығұрт ауданының шаруалары қысқы егін тұқымын себуге кірісті. Уақытты тиімді пайдалану үшін олар түскі асты көлікте келе жатып ішсе, кешкі тамақты егін алқабы басындағы қоста ішуге көшкен. Өйткені күзгі жылымықтың әрбір күні санаулы. Тұқым кеш себілсе, егін келер жылы бітік шықпауы мүмкін. Егінші Сапар Сатыбалдиев еңбек жолын 30 жыл бұрын шағын ғана шаруашылықтан бастаған. Қазір оның 1,5 мың гектер жері бар. Әзірге ескі техникалармен жұмыс істеп жатқанымен, егін бітік шығуы үшін тұқымның ең жақсы сұрыптарын таңдайды. Өйткені шаруалар арасында не ексең, соны орасың деген ұстаным бар.

Сапар Сатыбалдиев, егінші: 

- Жаңа ұрықты егіп жатырмыз жаңа технология бойынша. Бір жарым мың гектар егістік жерім бар. Соны ауыспалы жүйелі егіспен егіп жатырмыз. 300 гектар жоңышқа, 500 гектар бидай, 300 гектар мақсары егеміз көктемгі. Қазір облыс аумағындағы барлық шаруашылық қауырт жұмыс кестесіне көшкен. Шаруалар күндіз-түні алқап басында тұқым сеуіп жатыр.

Сәбит Әлсейітов, Қазығұрт ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы: 

- Аудан бойынша биылғы жылға астықтан 35 мың тапсырма берілген. Бүгінге дейін 25 мың гектарын ектік. Егістің өзі қазанның 5-іне басталған. Енді 10 мың гектар қалды, күн жылы болса, біз бәрін бітіреміз. Жалпы биылғы жаз шаруалар үшін аса табысты болды. Соңғы 13 жылда егіншілер тұңғыш рет қырманға 470 мың тоннадан астам астық жинады. 

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер қыстық бидайдан да мол үміт күтіп отыр. Бүгінге дейін шаруалар 130 мың гектар алқапқа егін сеуіп үлгерген. Алдағы екі аптада, күн ашық болса, тұқым толық себіліп болады. «Келер жылы да қамбаға астық толады деген сенім мол», - дейді мамандар. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371