Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4174 0 пікір 3 Желтоқсан, 2016 сағат 15:20

Көкөніс пен жеміс-жидектің 70 түрі өсіріледі

Қазір елімізде көкөніс пен жеміс-жидектің 70 түрі өсіріледі. Бұл – статистика. Алайда осы 70-тің шамамен 10-12 түрі ғана кең таралған. Жалғыз картоп-пиязбен алысқа бармасымыз аян. Сондықтан адам ағзасына аса пайдалы аскөк, сарымсақ, жуа, орамжапырақ, бұрыш және тағы да басқа «шөп-шалам» алқабын ұлғайту қажет.

Республиканың оңтүстігінде жоғарыда аталған көкністердің барлығы дерлік өседі. «Ең бастысы – әуелі өзімізді жарылқау, қа¬лып жатса, артығын сыртқа шығару – ертеңгі күннің еншісі» деген қағидамен жұмыс істейтін мақтаралдық диқандар жылдан жылға өндіріс көлемін ұлғайтуға күш салып жүр. Мақтаарал ауданындағы бау-бақша өнімдерін баптаумен айналысатын шаруа қожалықтарының бірі «Хайет» серіктестігі. Бүгінде жиналған өнімін экспортқа шығарып жатқан қожалық иесі 40 гектар жерге қауын-қарбыз еккенін, оның 10 гектары қарбыз, 30 гектары қауын екенін айтты.

Биылғы жылы еккен егіннен мол өнім алып жатқанын айтқан шаруа 1 гектардан 20 тонна мырзашөл қауынын алып жатқанын жеткізді. Ал жалпы 40 гектардан маусымына 1200 тонна қауын-қарбыз жинау көзделуде.Осылайша, жылдағымен салыстырғанда өнімді молынан алып жатқан мақтаралдық диқандар ала жаздай еңбектерінің ақталатынына қуанышты. Бүгінде облыста көкөніс, картоп, бақша дақылдарының жиыны басталды. Қазіргі таңда диқандар 350 мың тонна көкөніс, 120 мың тонна картоп, 240 мың тонна бақша өнімдерін жинады. Олар өздерінің өнімдерімен еліміздің барлық өңірлерін қамтып, артық өнімдерді Ресей мемлекеті мен солтүстік облыстарға жөнелтуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373