Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3021 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 14:17

Рекордтық көрсеткіште Ордабасының да үлесі бар...

Биыл Оңтүстік ауылшаруашылығы саласында ерекше түсімділік көрсетіп, рекордтық көрсеткіш көрсетсе оның ішінде Ордабасы ауданының да үлесі бар.

Жері шұрайлы, азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы өңірі Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді. 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымының саны 8275-ті құраса, оның 158-і яғни 1,9 пайызы ғана осы аумақтан болатын. 21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 417-ге жетсе, бүгінде ордабасылықтардың үлесі 5505-ке тұрақтады.

Бұл жалпы облыстағы ауылшаруашылық құрылымның 7,6 пайызын құрайды. Жалпы, Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар. Атап айтсақ: Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артып, 54 357 гектарды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егістігі - 62 пайызға, бидайдың егістігі - 32 пайызға, картоп - 3,7 пайызға ұлғайды.

Ауданда биыл 30 259 тонна бидай, 15 028 тонна мақта, 68 650 тонна көкөніс, 43 500 тонна бақша өнімдері жиналды. Ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Ендігі кезекте, ауылдық округтерде МТС ашуды жоспарланып отыр.

Жалпы аудандағы жергілікті билік өкілдері Ордабасы ауданының жетістіктерін еселеп, алдағы уақытта егілетін өнім көлемін әртараптандыру мақсатында да бірақ жоспарлар құрып отыр. Демек Оңтүстікте рекордтар да жаңара бермек...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6095