Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3500 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 14:14

Қоржыны тоқ, берекесі мол

“Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деп ұлы Абай айтқандай, несібесін ауыл шаруашылығынан тергендердің маңдай тері өтеуін береке, байлығымен келетін қоңыр күз қайтарады. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен аталып өтетін "Алтын күз" мерекесінде шаруалардың еселенген еңбегінің жемісін көруге болады. Оңтүстік Қазақстан облысы әсіресе жәрмеңке кезінде өздерінің берекелі өңір екенін көрсетеді.

Астана қаласында өткізілген Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндерінде керуенмен келген үлкен жүк машиналары азық-түліктің елуден астам түрін ұсынады. Қала жұрты қысқа дайындықты осы жәрмеңкеде қам¬дап алып жатқандай көрінеді. Мұнда астаналықтарға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудалануда.

Бұл жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Биыл оңтүстіктік шаруалардың Елордалықтарға алып келген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн. теңгені құраған. Екі күнге жалғасатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам өңірдің тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынған.

Астаналықтарға ғана емес жалпы республика жұртшылығына өзімізде өндірілген, табиғи таза азық түлік өнімдері келешекте де күнгейдегі шаруалардан жақын жерден жеткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені халқымыздың шекара асып келген, сапасы белгісіз өнімдерді талғажу етіп қалатын кездері аз емес. Жалпы кең байтақ жерімізде Түлкібастың алмасы, Шығыстың балы, Шиелінің қауыны, Оңтүстіктің әрбір шаруашылық өнімі сол өңірдің атын шығарар бір бір бренд екені белгілі.

Тек сол артықшылықты пайдалана алсақ, өз еліміздің өнімі республика жұртшылығының кез келген өңіріне қолжетімді қыла алсақ игі. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338