Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3528 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 14:02

Жылы жақтағы жылыжай

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі Қазығұртта жылыжай көлемі 90 гектарға жетті деп хабарлайды. Ағымдағы жылы 7 гектар жерді игеру тапсырмасы берілсе, меже 94 пайызға орындалып қойыпты

 

Қазығұртта  6 гектар 58 соттық жерде жасыл желек жайқалып тұр. Аудан қазір Шымкент халқы мен көршілес елдімекендерді қыс айларында көкөніспен қамтуға қауқарлы. Жылыжай салуда тұрбаттықтар алда көрінеді. «Рахмат ата» шаруа қожалығы мұнда ел алғысына бөленген ұжым. 20 азаматты жұмыспен қамтыған серіктестік 1,6 гектар жерді игеріп отыр. «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, екінші кезеңнің дақылдарын жинап та алған.

Тұрбат ауылының халқы тегіс жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Олар 20 гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алады.

 Қазұрттықтар өндірген өнім Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына да жөнелтілуде.  Өткен күзде қазығұрттықтар 19 875 тонна көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат жылыжайдан нәпақа тауып келеді.

Экономикасы ауыл шаруашылығына бейімделген өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандырып, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өнім көлемін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Облыстан негізінен экспортқа: картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті, мақта талшықтары шығарылады. Аграрлы аймақта осы жылы көкөніс пен картоп дақылдары жалпы 52,3 мың гектарға, ал бақша өнімі 59,1 мың гектар жерге егілген. Жоспар бойынша жыл соңына дейін облыста 890 мың тонна көкөніс, 1,4 млн. тонна бақша, 256 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде.  

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019