Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 5161 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 12:38

Жаңа әдіс – жаңа мүмкіндік

Мақтаралдық шаруалар жерді игеріп қана қоймай, өнімділікті арттыру мақсатында жаңа әдістерге де тез бейімделуде. Сондай әдістердің бірі тамшылатып сурау әдісі. 

Мәселен аудан көлемінде 2016 жылдың 1 қаңтарына тамшылатып суару технологиясы ендірілген жер көлемі 1520,46 га құраған. 2016 жылы қосымша 100,0 га жерге тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы берілсе, 9 айда 61,6 га жерге тамшылатып суару технологиясы ендірілген (61,6 %). Шаруалардың айтуынша тамшылатып сурау әдісінің маңызы зор.

Жалпы бүгінгі күнде су әлемдік мәселеге айналып отыр. Түрлі мақсатта қолданылатын су қорының жылдан-жылға азайып бара жатқаны белгілі. Сол себептен көлге су аз келіп, қуаңшылық болған жылдары шаруашылықтар осы технологияны қолданғанда жылма-жыл тұрақты түрде өнімін алып отыратыны анық. Кез-келген уақытта, егістікті суарып, қурап қалудан сақтауға болады. Шаруашылықтарымыз айтылған озық технологияны іс-жүзінде жүзеге асырса, нарық талаптарына сай, бұл шаруашылықтың өндіріс және еңбек тиімділігінің артуына жаңа мүмкіндіктер ашады, жалпы экономикалық өсуді қамтамасыз етеді деп күтілуде. Мақтаралдық шаруалар 

«бұл жүйенің артықшылықтарын дәлелдеп жатудың өзі артық, агрономдық, агротехникалық, экономикалық тұрғыдан артықшылығы көп. Арықпен суару өнімділігі – 20-35 пайыз болса, тамшылатып суару 85-98 пайыз. Рас, оны орнатып, іске қосуға қаражат молырақ қажет. Дегенмен, есептеулер көрсеткендей, бірнеше жыл ішінде жұмсалған шығын толығымен өтеліп, кейінгі жылдарда өнімнің өзіндік құны анағұрлым төмендейді. Жұмсалатын су шығыны үш есе аз болатыны өз алдына, бұл технологияда тыңайтқыш екі есе үнемделеді. Тыңайтқыштар да осы сумен бірге берілетін болды. Бұрындары гектарына екі, кейде үш тоннаға дейін тыңайтқыш жұмсалса, бүгінде бір гектарға 300-400 келісі жетіп жатыр» дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006