Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3800 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 12:36

Жылыжайлардың мүмкіндігі зор

Елімізде жылыжайлар көлемінің аздығы жиі сөз болады. Өйткені жылыжайлар санын көбейтсек, сырттан келетін жеміс-жидек, көкөністерге тыйым салып қана қоймай, елімізді арзан бағадағы өнімдермен қамтамасыз етуге де мүмкіндік туар еді. Осы орайда Мақтарал өңірі жылыжайлар салуға да көңіл бөліп отырғанын айта кетуге болады. Мақтарал өңірі жылыжайлар көлемін жыл сайын ұлғайтып, тұрғындарды жыл он екі ай көкөніс, жеміс жидек өнімдерімен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр.

Мәселен 2016 жылдың 1 қаңтарында осы өңірдегі жалпы жылыжайлар көлемі 79,64 га құраған. Биылғы жылы жылыжайлар көлемін қосымша 3,0 га ұлғайту тапсырмасы берілген болса, ағымдағы жылдың 9 айында 3,99 га жерге жылыжайлар құрылған (133,0 %). Алдағы уақытта олардың санын әлі де болса ұлғайту жоспары тұр. Жалпы қазіргі таңда облыста жылыжай ісін дамыту жұмыстары жандану үстінде. Әсіресе жылыжай кәсібін жетілдіруге мән берілуде. Жылыжай кәсібін жетілдіру жергілікті халықты қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Елбасы тапсырмасына негізделген қолдауларға ие болған шаруалар да өз жұмыстарын ынтамен жүргізуде. Мемлекет тарапынан жасалған қолдау, көмектердің нәтижесінде аймақта кәсіпкерлікпен шұғылданып, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласымен айналысуға ниет білдірушілер қатары артып келеді. Мұның барлығы, отандық өнім өндірушілерге жасалған жағдайдың арқасы екені даусыз. Отандық өнім өндірушілер қатары артса, отандық өнімнің де мол болатыны рас. Сондықтан алдағы уақытта Оңтүстік халқы жыл он екі ай арзан, әрі қауіпсіз мақтаралдық жылыжай өнімдерімен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333