Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3665 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 12:32

Жаңа технологиялар қолданылады

Еліміз бойынша жылыжайлардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында орналсқан. Ел тұрғындарын балғын әрі экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету – мемлекет басымдылық берген мәселенің бірі. Әсіресе бұл шаруаға Шымкенттің қосатын үлесі қомақты.

Еліміздегі жылыжайлардың 90 пайызы Оңтүстік Қазақстанда. Солардың бірі «Қазагроном» жылыжай кешені. Голландия технологиясымен жұмыс істейтін барлық шаруа компьютерлік бағдарлама арқылы басқарылады. Мұнда өсімдіктің өсіп-өнуіне ең қолайды микроклимат жасалған. Жаңа технологияның қыр-сырын түсінуге бір жыл уақыт кеткен. Сондықтан алғашқыда күткендегідей өнім ала алмаған. Соның есесі биыл қайтқалы тұр.

«Өзіміздің ішкі жоспарымыз бойынша өнімді 1 миллион келіге жеткіземіз бе деп отырмыз. Бұл жоспарымыз орындалып келеді. Қазір қызанақ пісіп жатса да, қиярды әлі теріп жатырмыз. Бір шаршы метрден қызанақты 15 келіден төмен алмаймыз, – дейді жылыжайдың әкімшілік директоры Тоқсаба Тоқсанбаев. 

Жылыжай, жасанды тұман жасау, жылыту, көмірқышқыл газын өндіру үшін озық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл жылдың кез келген маусымында, әсіресе жаңа піскен көкеністің бағасы қымбаттаған кезде өнім алуға мүмкіндік береді. 

«Жылыжайда интерплантинг деп аталатын технология қолданылады. Ол алдыңғы көкеніс пен кейінгі көкеністің арасындағы өнім беру мерзімін мейілінше қысқартуды көздейді. Яғни, мысалы қияр өнім беруді тоқтата бастаған кезде қызанақ өнім бере бастайды да жылыжай мейілінше табыс әкеледі. Осы әдіс көмегімен жылыжай қызметкерлері ақпан айынан шілдеге дейін қияр терсе, тамыздан желтоқсан айына дейін қызанақ тереді. Сондай-ақ мұнда көкөністер биологиялық әдістер арқылы қорғалады. Біз өнімдерімізді кез келген зертханаға батыл бере аламыз, шетелге де сата аламыз. Өйткені бізде химиялық өңдеу атымен жоқ. Зиянкестермен табиғи тәсілдер арқылы күресеміз. Тозаңдандыруға арналған гармондардың орнына араны пайдаланамыз», – дейді агроном Тарас Навольский.

Қазір жылыжайда 55 адам тұрақты жұмыс істейді. Келекшекте жылыжай иесі жылыжай аумағын тағы бірнеше гектарға кеңейтуді көздеп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338