Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Мәйекті 6865 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:56

Тәуелсіздік жылдары Оңтүстікте 519 білім нысаны салынған

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 36 нысанға 18 537, 7 миллион теңге қаралған. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының таратқан мәлімсеттеріне қарағанда өңірде Тәуелсіздіктің жиырма бес жылында құрылыс саласы қарқынды жүргізілген.

Атап айтқанда, білім саласында -519 нысан, денсаулық сақтау саласында -348, спорт саласында -22 нысан, мәдениет саласында -22 нысан, мемлекеттік органдарда -20 нысан, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында -8 нысан, өзге де салаларда -127 нысан салынып, пайдалануға берілген. Жалпы аталған уақыт ішінде облыста 1046 нысанның құрылысы жүргізілді.

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласында көптеген зәулім құрылыс нысандары салынды. «Мұз сарайы», жеңілатлетика кешенін, «Отырар» кітапханасын Қазақстандағы бірегей нысандардың қатарына жатқызуға болады. Осы жылдары Шымкентте цирк ғимараты пайдалануға берілді. Облыс орталығының жаңа әкімшілік іскерлік орталығы салынды. Осы орталықтан «Түркістан» сарайы, облыстық драма театр ғимараты, Көрме залы бой түзеді.

Өңірде халықтың тығыз қоныстанғаны әрі табиғи өсімнің жоғары екендігіне байланысты мектеп пен аурухана салу ісі де қарқынды жүргізілді. «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында өңірде көптеген білім нысандары бой түзесе, биыл Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына арнап, 25 мектеп пайдалануға беріліп жатыр.

Айта кетейік, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94 қадамындағы барлық ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ететін «Ашық үкімет» жобасын құру үшін қабылданған «Ақпаратқа жол жеткізу туралы» Заң бойынша мемлекеттік органдар өздерінің атқарған жұмыстары туралы мәліметтерді жариялап отыруға тиіс. Әрбір азамат үшін атқарушы органдар туралы ақпараттар ашық әрі қол жетімді болуы керек. Тұрғындар ақпараттарды пайдаланумен бірге оған қатысты ой-пікірлерін де еркін білдіре алуы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963