Жұма, 22 Қараша 2024
Дат 5827 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 10:25

БАҚТЫБАЕВ АҚТАЛУҒА ТИІС

Біз жазасы бірнеше жылға кесілген генерал-лейтенант Ілияс Бақтыбаевты бала кезден білетін, танитын адамдармыз. Жетімдіктің дәмін татып өскен Ілияс – бауырымыз еңбекқор, үлкен-кішіге бірдей ілтипатты азамат. Заманның талабына сай көп оқып, ізденіп, өзі сүйген ҚазҰУ-дың заң факультетіне түсіп, ойдағыдай бітіріп шықты. Өз білімі мен еңбекқорлығының арқасында сатылап өсіп, Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың жанынан табылды. Өткен ғасырдың 90- жылдарындағы ауыр күндерді бәріміз де жақсы білеміз ғой. Сондықтан да оған көп тоқтамай-ақ қояйық. Біздің айтпағымыз ؘ– эстафета туын өзінен кейінгі жастарға тапсырып, құрметті зейнетке кетіп, көп бейнетінің зейнетін көрем деген жаста шатылуы бізді алаңдатып отырғанын жасыра алмаймыз.

Ой елегінен өткізіп көрсек, «өзі қызғыштай қорғап, өзі құрысқан мемлекетінің тамырына балта шауып, төңкермек болды» дегенге сену мүмкін бе? Біз ешқашан сенбейміз.

Біріншіден, І.Бақтыбаев ондайды ойлайтын жастан асқан адам. Саясатпен айналысқан жоқ. Томаға-тұйық, бірқалыпты өмір өткізіп жатты. «Сыра королі» Т.Төлешевпен дастарқандас болса болған шығар, суретке түскен екен деп І.Бақтыбаевты оның істеріне қосақтаудың еш қажеті жоқ. Қазіргі заманда кім кіммен араласпай жатыр?

1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушыларды ақтау,  ел болашағын, ер намысын қорғау кезінде де жақсы қырынан көрінгенін білеміз. Жас кезінен ұлтының ар-намысын өз деңгейінде қорғай білген І.Бақтыбаев сияқты ар-ожданы таза, білімді заңгерлер көп емес.

Сондықтан да, оның біліктілігін жас заңгерлерді дайындауға неге пайдаланбасқа? Оны әлдекіммен аралас болған екен деп қаралаудың еш қажеті жоқ. Бақтыбаевты жақсы танитын адамдар арасындағы пыш-пыш әңгімелер «Мемлекетке, Ата заңға, Елбасыға адал болудың ақыры осындай болса, жетіскен екенбіз» дегендерін естіп жүрміз. Сондықтан І.Бақтыбаев ісі Төлешев ісінен ажыратылып, жеке қаралуы тиіс деген ойдамыз. Сонда ғана ақиқатқа жақындауымыз мүмкін.

Мемлекетіміздің іргетасын құйысқан азаматтың сұраусыз кетуі мүмкін емес деп білеміз. Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы», басқа да мемлекеттік марапаттан кенде емес екенін ескерсек, марапатымыздың дәрежесі тым төмендеп кетпей ме? І.Бақтыбаев сияқты білікті заңгерді қаралап, сотты қылуымыз құқық саласына ауыр соққы деп білеміз.

Алматы облысы, Райымбек ауданының бір топ азаматтары атынан

Құрманбай САРМАНБЕТ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321