Жұма, 22 Қараша 2024
Жалқы сұрақ 4702 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 12:36

YКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін АӨК дамыту бағдарламасы бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

 

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында министрлер кабинетіне 2017-2021 жылдарға арналған жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Премьер-Министр бағдарлама жобасы түрлі алаңдарда, соның ішінде аймақтарда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алқасы аясында және ҚР парламенті мәжілісінде талқыланғанын атап өтті. Сонымен қатар, үкіметтің жыл соңына дейін оны мүдделі тараптармен тағы да талқылап, бекітуге уақыты бар.

«Айтылған ескертулер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, бағдарлалама жобасын мақұлдауды және жыл соңына дейін мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, бизнес қауымдастықтармен келісілген соң бекітуге шығаруды ұсынамын. Келесі жылы біз жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастауымыз керек»,-деді Б.Сағынтаев.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ел Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуға тиіс. 

Үкімет отырысында отандық ауылшаруашылық өнімдерін сыртқы нарыққа жылжытудың жаңа құралдары ұсынылды

Үкімет отырысында алдағы 5 жылға арналған жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы, сол бағдарламаның аясында отандық ауылшаруашылық тауарларының экспортын дамыту мәселесі қарастырылуда.

Премьер-Министртің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов отандық ауылшаруашылық тауарларын сыртқы нарықта жылжыту мақсатында АӨК Сарапшылық кеңесі құрылатыны туралы атап өтті.

Құрылатын орталық ауылшаруашылық өндірушілерінен форвардтық сатып алуларды, сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдер үшін жкспорттық арналарды қалыптастыруды, «КZ ORGANIC FOOD» және басқа да отандық брендтерді жылжытуды, сыртқы нарықтарды талдауды, өткізу үшін тиімді сыртқы нарықтар үшін жол картасын жасауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Орталық сауда қаржыландырумен, отандық өндірушілер үшін экспорттық келісімшарттарды кепілдендірумен айналысатын болады.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ел Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуға тиіс. 

Б.Сағынтаев: Жаңа жұмыспен қамту бағдарламасында тұрақты жұмыс орындарын ашуға күш салынады 

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Үкімет отырысында таяу арада нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын мақұлдауды аяқтап, оны бекітуге шығаруды тапсырды.

Премьер-Министр жасалған бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтармен жұмыс істеу барысы өзгеретінін атап өтті.

«Егер біз бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс орындарына көңіл бөлінсе, енді оқыту арқылы тек қана тұрақты жұмыс орындарына көңіл бөлінеді. Ең бастысы, адамдарға өз істерін ашуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік береміз. Жауапты органдар анықталды, өкілеттіліктер берілді, олардың арасында жергілікті атқарушы органдар бар»,-деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр осы бағдарлама бойынша барлық әзірлік жұмыстарын аяқтап, оны 15 желтоқсанға дейін Үкіметке бекітуге ұсынуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР Үкіметі жаңадан Нәтижелі жұпыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жасаған болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасай отырып,  жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға табыстарын арттыруға мүмкіндік беру болып табылады.

Нәтижелі жұмыспен қамту, бұл – еңбеккерлерге табыс әкелетін шынайы, лайықты өмір сүруді қамтамасыз ететін жұмыс түрі. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321