Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 3556 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 14:47

«ЖАН ШЫРЫЛЫ» ДРАМАСЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

22 қараша күні Маңғыстау облыстық  Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрда жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасының премьерасы қойылды. Бүгінгі күні өзекті проблемаға айналған тақырып қасиетті сахна төрінде өнер тілімен өрілді. Жалпы халыққа ұғынықты, әсерлі тілмен. Жан шырылы - ел ішіне дендеп еніп келе жатқан радикалды ағымның уытына уланған жастардың тағдыры мен қайғы-қасіреті жайында.

Кәдімгі қазақы шаңырақ. Мамыражай тіршілік кешіп отырған отбасында сәл ғана әбігерлену бар. Отбасы жолаушыны тосуда. Жолаушы көлденең көк атты емес, сонау Алматыдан келе жатқан қызы мен күйеу баласы. Шаңырақтағы шырайлы сәттің шытынауы, ашық аспанда күркіреп найзағай ойнауы күткен жолаушылар табалдырықтан аттаған сәттен басталады. Шығарманың өн бойында арбасу мен адасу, үміт пен өкініш, күдік пен сенім тайталасып жатыр. Қазақ «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген. Әуел баста әлде жастық, әлде білімнің таяздығы арбағанның артынан еріп кете беру ақыры жарға жықты. Өздері ғана емес, бауыр еті кішкентай баласын да осы батпаққа батырады. Сүттей ұйыған бір қазақ отбасының  шаңырағы осылай  шайқалды. Қаншама қайғы-қасірет. Көріп отырған көрерменнің жанары жасқа шыланды. Санаға салмақ салатын, жүрекке күш түсіретін көріністер. Драма біреудің артынан көзсіз ерудің, өзім білемділікке салынып, өзгелерді кәпір санаудың, адасудың соңы дәл осындай тығырыққа әкеліп тірейтіндігін меңзейді.

Ата-ананың перзент үшін күйінуі, бауыр еті баласы үшін соңғы сәтке дейін күресі, өзекті өртеген өкініш, жол таба алмай күйзелген, жаны шырқыраған ата-ананың жайы шынайы баяндалады.

Сахнадағы актерлердің ойыны да жиналғандарға әсер етті.  Бүгінгі күнгі басты прооблема – жат діннің қаупін ашық көрсете білген кейіпкерлер  ата-ана мен отаннан ыстық ешнәрсе де жоқ екенін ұқтырғандай. Ең бастысы, қойылымнан көрермен тамаша тағылым алды, айрықша әсерге бөленді.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499