Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3049 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 12:44

Түлкібас ауданы талайды тамсандырған тәтті алмасымен танымал

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы жеке кәсіпкерлер саны осыдан бірнеше жыл бұрын 20 ғана болса, қазіргі таңда қырықтың үстіне шыққан. Барлығы дерлік өз деңгейінде жұмыс атқарып жатыр. Негізінен бұл ауданның табиғаты жайлы болғандықтан мұнда зауыт, фабрикалар емес, жайқалған бау-бақшалар көп. 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің тапсырмасы бойынша Түлкібаста негізінен оңтүстіктің бренді ретінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді қолға алған өңір. Осы орайда аудан азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты жергілікті өнімдерді өндірумен айналысады.

Түлкібас талайды тамсандырған тәтті алмасымен танымал. Бұрындары осы өңірде жалпы көлемі 4 200 гектар алма бағы болған. 2007-2009 жылжары жайқалған бау-бақша ескіріп, қурап, небәрі 700 гектары ғана қалған екен. Кейінгі жылдары ауылдарда шаруаларға несие беру, субсидиялау өз нәтижесін бере бастады. Нәтижесінде алма бағын көбейту қолға алынып, жаңа технология бойынша әлемге әйгілі мемлекеттерден көшеттер әкелініп отырғызылды. Қазіргі таңда таулы аудандарда 200 гектарға жуық алма бағы бар. 2018 жылға дейін 400 мың гектар алма егу жоспарланып отыр. Осы орайда «Көктал», «Кең тал» шаруа қожалықтарының жұмыстары ауқымды.

Бейбіт Төлешов, «Көктал» шаруа қодалығының басшысы: 

– О баста алма бағымыздың осындай үлкен болатынына сенген жоқпыз. Әкем жастайынан бау-бақша егумен айналысты. Мені агроном мамандығына оқытты. Әкемнің өмірден кеткеніне де үш жыл болды. Ата кәсібімізді жалғастырып, бау-бақшаны қарап, жемісін алып жатырмыз. Бау-бақшаны баптағаныңа байланысты жеміс аласың. Жаңбыр көп болғандықтан биыл ауру да көп болды. Шығын да шаш етектен, Әйтеуір мемлекеттің беріп отырған жеңілдіктерінің арқасында дәрі дәрмекті субсиямен алдық. Қазір бізде 15 шақты алма сорты бар. Бес жұлдыз, айдарет, алтын алма секілді сақталуы жақсы алмалар өте өтімді. Таза өнім беретін 100 гектарымыз бар, қалған 140 гектары әлі жас жеміс ағаштары. Екі жылдан кейін олар да жеміс бере бастайды, Алдағы жылдары 4-5 мың тонна жеміс аламыз деп үміттеніп отырмыз. Мемеклеттен 5 жылға 300 миллион теңге несие алдық. Жылына 55 миллион төлейміз. Несие төлеуден артақн қаржымызға жаңа техника, көшеттер аламыз, еңбегіміздің арқасында барлық шығынды ақтаймыз. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525