Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 9186 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 11:51

"100 НАҚТЫ ҚАДАМ" - ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ ТІЛДІК ӘЛЕУЕТІ

Қазақстан Республикасының қазіргі заман талаптарына сай дамуын қамтамасыз ету мемлекеттік басқару жүйесіне үлкен міндеттер жүктейді. Солардың біразы ұйымдастырушылық-идеология саласына қатысты. Мемлекет алдында тұрған нақты іс-шараларды қажетті доктриналық құжаттармен қамтамасыз ету үлкен жұмылдыру күштерін қажет етеді. Мемлекеттік басқару шешімі ретінде ресімделетін кез келген басқару құжаттарын әзірлеуге жауапты органмен қатар барлық мемлекеттік органдар қатысады, сондықтан  құжаттардың сапасы бойынша олар да жауапкершілікті бірдей көтереді деуге болады.

Мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдар мен өзге де мүдделі құрылымдардан жиналатын ақпаратты өңдеп, әзірлеп, уәкілетті құрылымдармен келістіріп, ресми құжаттарға қойылатын талаптарға сай ресімдеу уәкілетті органның құзыреті болып табылады. Осындай жағдай уәкілетті органның ресми құжатты әзірлеуге қатысқан барлық субъектілердің мүдделерін үйлестіре білу әлеуетін де көрсете алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің доктриналық және директивтік сипаттағы жолдаулары, сөйлеген сөздері мен ресми басылымдарда жарияланатын мақалалары азаматтар мен мемлекетке, барлық тиісті құрылымдарға орындалуы міндетті құжат болып табылады. Құқықтық табиғаты әлі теориялық-әдіснамалық тұрғыда нақты анықталмаған мұндай ресми құжаттардың ұйымдастырушылық мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан барлық азаматтар мен жүзеге асырушы субъектілер үшін мұндай ресми құжаттардың сапасының жоғары болуы – шарт.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі үшін қостілділік өте үлкен фактор болып табылады. Шындығында барлық іс-шараларды екі тілде бірдей жүргізу, құжаттардың екі тілдегі мәтіндерін теңтүпнұсқалы ету – үлкен мәселе. Сондықтан мемлекеттік аппарат қостілділік ахуалында тиімді жұмыс істей алатындай мақсатпен құрылады. Құрылуы тиіс. Ол – міндет.

2015 жылы жарияланған «100 нақты қадам»  –  ұлт жоспары» – дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жоспары (құжаттың ресми атауының да көпнұсқалы екендігін атап кеткен жөн). Осы құжаттың қазақ тіліндегі мәтінінің (кейбір «қадамдардың» орыс тіліндегі мәтіндерінің де) сапасы қанағаттанарлықтай емес. Әр қадамдағы әр қатеге  нақты көз жеткізу үшін  оларды кесте түрінде ресімдеген ыңғайлы (мақалада құжаттың редакциясы сақталған. Бүкіл мәтінде қателерді ерекше көрсеткен мен. – Н.П.). Сонымен қатар, кесте арқылы көрсету, қателерді жіктеусіз-ақ жүйелеуге және ұғуға мүмкіндік береді.

 

Қадам

Қате

Түсініктеме

1-қадам

РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ 

Бірінші сөз «рәсімдеу» болуы тиіс, өйткені ресімдеу –  «оформление» деген сөздің баламасы.  3, 26, 36, 37, 41 және 91-қадамдардағы «ресімдеу» де осындай мәртебеде! Дұрысы – 38-қадамда!

2-қадам

кандидаттарды реттеу

Қате сөз «реттеу» емес, «іріктеу» болуы тиіс! Дұрыс нұсқасы келесі қадамда!

3-қадам

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ 

Мемлекеттік орган атауы толық емес!?

 

РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен

Мәнмәтінде «есебінен» деген сөздің орнына «арқылы» деген сөз орынды болатын еді

алғаш рет қабылданушыларды

«алғаш рет қабылданушылар» мен келесі қадамдағы «бірінші рет қабылданушылар» екі ұғым ба?

ІРІКТЕУ РЕСІМІН 

1-қадамға берілген түсініктемемен бірдей!

4-қадам

бірінші рет қабылданушылар   

3-қадамдағы «алғаш рет қабылданушылар» дегеннен өзге ме?

тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау 

Мәнмәтін бойынша «сәйкестілікті межелік бақылау» деген тіркесті ұғу  қиын. Қосымша сөздерді қажет ететін сияқты

5-қадам

Мемлекеттік қызметкерлердің

Қолданыстағы заңнамада «мемлекеттік қызметші» деген ұғым ғана бар!

6-қадам

министрлер және әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту

Қате аударма, мағынасы келмейді!

7-қадам

Мемлекеттік қызметкерлердің

Қолданыстағы заңнамада «мемлекеттік қызметші» деген ғана ұғым бар!

8-қадам

Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге

«Ауыстырылатын» деген сөз көпмағыналы. Негізі, «ротация» деген ұғымды қалдыруға болатын еді

ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ

«Пәтерлер» сөзі міндетті түрде көпше түрде болуы қажет пе?

9-қадам

ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ – үш жылда ...   

«Бекіту – үш жылда» деген тіркесте тиісті тыныс белгісі қойылмаған (мәселе орыс тіліндегі нұсқадағы

«ОБУЧЕНИЯ  ГОССЛУЖАЩИХ повышение квалификации» деген тіркесте болар)

кәсіби шеберлігін

Ұғым «кәсіби біліктілігін» болуы қажет шығар!

10-қадам

мемлекеттік қызметкерлер  

7-қадамға берілген түсініктемемен бірдей!

РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен 

«арқылы» сөзі дұрысырақ болар

11-қадам

лауазымдардың жеке кестесі

«лауазымдардың жеке тізбесі» деген нұсқа дұрыс сияқты

 

орыс тіліндегі нұсқадағы «Допуск к работе на госслужбе ДЛЯ ЗАРУБЕЖНЫХ МЕНЕДЖЕРОВ» деген тіркестегі «для» сөзі қажет пе?

13-қадам

жаңа заңнамалар

 

«заңнама» сөзі жиынтық ұғымды білдіреді

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Бұл қадамда да уәкілетті мемлекеттік органның атауы толық емес!

алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру

«сауықтыру» сөзі орынды емес!

15-қадам

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ  КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу

Қате аударылған «қадам»!

ІС БАСЫНДАҒЫ

28-қадамда да осындай нұсқа!    18-қадамдағы «қызмет бабындағы» деген ұғымға қатысы бар ма?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ

Қолданыстағы заңнамада «мемлекеттік қызметші» деген ұғым ғана бар!

17-қадам

Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ

«Көбейту» деген сөз артық емес пе?

18-қадам

Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін

Қате аударма!

19-қадам

СУДЬЯЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІН КҮШЕЙТУ

Есеп беру «подотчетность» сөзінің нақты баламасы бола ала ма?

20-қадам

Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс

Нақты аударма емес!

21-қадам

Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту

Нақты аударма емес!

22-қадам

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН

Нақты аударма емес!

СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қате аударма!

23-қадам

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ құру

«сот істерін жүргізуді құру» тіркес үйлесе ме?

26-қадам

Сот ресімдерін оңайлату

Ресім – рәсім болуы тиіс!

азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫН қысқарту

Нақты аударма емес! 

27-қадам

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН

Қате аударма?!

28-қадам

ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ Кәсіби дағдыларын

Тыныс белгісі қойылмаған  –қалып кеткен?

30-қадам

тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру

«противодействия бытовой преступности» дегеннің нақты баламасы бола ала ма?

ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік

«нулевая» терпимость к мелким правонарушениям»  – дегеннің баламасы ма?

34-қадам

МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІН

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң бар емес пе?

пенитенциярлық

2 рет?

ұсыныстарды екшеу

«выработка предложений» дегеннің баламасы ма?

41-қадам

Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу

«заңнамаға» болуы қажет

47-қадам

бәсекелесті ортаға

97-қадамда «бәсекелестік орта»

60-қадам

Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды

Қате аударма! Болашақтағы іс – «ұйымдастырылды»?

61-қадам

Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау

Тыныс белгісі қойылмаған!

63-қадам

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ «АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА»

Ағылшын тіліндегі конструкция?

ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ

«Ғылыми орталықтар» деуге қандай қарсылық бар?

65-қадам

ТРАНСКОНТИНЕНТАЛДЫҚ

«трансконтиненттік» деген нұсқа қате бола ма?

67-қадам

«ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ

Авиа – әуе емес!

70-қадам

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АІҒС) ҚҰРУ

Аббревиатурада ғ әрпі қайдан жүр?

ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту

Заңды мәртебе?

ағылшындық құқық қағидаттарымен

Нақтылауға болады!

72-қадам

Орталықтың дербес заңдылықтары

Неғылған «заңдылықтар»?

74-қадам

жер қойнауларын пайдалану

Жекеше түрде беруге болмай ма?

78-қадам

Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау

Аудармашының өрескел қатесі! Сөйлемді ұқпаған болса керек!

79-қадам

Басты мақсаты

«Басты мақсат» десе қате бола ма?

 

Білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда

Тыныс белгісі орынды ма?

Орыс тіліндегі нұсқадағы «в системе образования – в старшей школе» дегенде де мәселе бар сияқты

82 -қадам

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН

Қолданыстағы нұсқаларға сай «жанынан» деген дұрыс шығар!

Басты мақсат:

Тыныс белгісі дұрыс қойылған ба?

83-қадам

Еңбек қатынастарын ырықтандыру

Қағидатты қателік! Кең қолданылуына қарамастан, «ырықтандыру» «либерализация» сөзінің баламасы дегенмен келісуге болмайды!

86-қадам

қоғамның бүтіндігін

Жаңа ұғым?

«Алтай інжулері»,   «Каспий қақпасы»

Қарама-қайшылық заңы? Неліктен жекеше не көпше түрлердің орындары сақталмаған?

87-қадам

Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар

үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады

Жоспардағы ең қызық ұғым мен аударма!!! Шынында

«қызықты азаматтар» деген кімдер? Мәселе орыс тіліндегі «национальной доской почета для интересных граждан» дегенде болар!

88-қадам

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН

Неғылған «идеялар»?

91-қадам

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШУ

Ұғуы қиын сөйлем!

92-қадам

Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР САНЫН ҚЫСҚАРТУ. САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ

Аудармашы ұқпаған сөйлем!?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару саласында «ашылған жаңалық»!!!

Стратегиялық жоспарлар жойылды, стратегиялық жоспарлар жасасын!!!

94-қадам

заңмен

Заңнамамен?

95-қадам

Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар

ЖОО-ларда – оқушылар? Мәселе – «руководителей национальных вузов перед учащимися» дегенде ме?

97-қадам

БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА

47-қадамда «бәсекелесті орта»

98-қадам

Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді

Болашақтағы іс – «жұмыс істейді»!? Бұл да орындалып қойған «қадам»?

98-қадам

Селолық округ

2013 жылдан бері «ауылдық округ»!

99-қадам

азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын?

нормативтік-құқықтық актілер

Құқықтық техника? Нормативтік құқықтық актілер!

100-қадам

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту

Құқықтық және тілдік қате!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ

Заң бойынша «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»

Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды

Нақтылауға болады!

«Біткен іске сыншы көп» жағдайында (бірақ сыншылар осы уақытқа дейін онша көрінбеді!? Мәселе неде?) құжаттардың кемшіліктері ашылып та жатқан болар, бірақ ресми мәтін әзірге сол күйінде. Яғни, қате мәтінді – қате құжатты басшылыққа алу тәжірибесі одан әрі жалғасуда. Бұл жерде кімнің қателескені онша маңызды емес. Қате – ортақ! Осындай кемшіліктермен әзірленген құжатты және т.с.с. қате құжаттарды бүкіл мемлекеттік қызметтің көрсеткіші, мемлекеттік қызметшілердің әлеуеті деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді толық емес деуге болады. Филолог мамандар талдаса, басқа қателердің де табылатыны сөзсіз (ресми құжаттың орыс тіліндегі нұсқасындағы «госслужба», «госорганы», «госуслуги», «госуправлению», «спецподразделения», «сельхозназначения», «сельхозземель» және т.с.с. қысқартылған ұғымдардың қолданылғаны күмәнді. Сондағы «Верховный суд» атауы да осындай мәртебеде). 

Мақаланы қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесін қамтамасыз етпей, заңдылық қағидатын  сақтамай дамыған  елдердің қатарына кіру мүмкін емес деп есептеймін. Тілдік теңгерімсіздік мемлекеттік басқарудың кемістігін ғана көрсетеді. Ал кем еш уақытта да толық бола алмайды!

 

 

Қолданылынған көздер

1 Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары – 100 қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет // Егемен Қазақстан. 2015. 20 мамыр.

2 Назарбаев Н.А. План нации – 100 шагов. Современное государство для всех // Казахстанская правда. 2015. 20 мая.

 

Н.М. Примашев, з.ғ.к., доцент

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525