Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 2392 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 12:55

Егіс алқабының 38,5 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі

Статистика жөніндегі комитеттің мәліметіне қарағанда, еліміз өз өндірісшілері есебінен көкөніспен өзін-өзі толығымен қамтамасыз ете алады. Ал жеміс-жидек өнімдері мен сондай-ақ маусымаралық кезеңдегі ерте пісетін көкөністе жетіспеушілік бар. 

Бүгінде елімізде 12 түрлі негізгі көкөніс түрі өсіріледі. Олар – картоп, қызанақ, пияз, қияр, қырыққабат, сәбіз, асханалық және қант қызылшасы, асқабақ, бұрыш, байалды, сарымсақ. Үлестің басым бөлігі, анығы үштен бірі картопқа тиесілі, яғни 38 пайыз.

Негізінен еліміздегі көкөніс пен жеміс егілетін егіс алқабының 87 пайызы оңтүстік облыстарға тиесілі. Оңтүстік Қазақстан облысына –38,5 пайыз, Алматы облысына – 37,4 пайыз, Жамбыл облысына – 9,6 пайыз, Қызылорда облысына – 1,6 пайыз. Оңтүстік аймақ табиғи-климаттық қолайлылығымен қатар, көкөніс және жүзім өсіруде әлеуеті зор. Еліміздегі халықтың маусымаралық балғын көкөністі тұтыну талабы 686 мың тоннаны құрайды.

Ал жазғы маусымда – 789 мың тонна. Жылына жалпы орташа есеппен алғанда 8-9 миллион тонна көкөніс жиналады. Мамыр мен қазан айлары аралығында ашық алаңда өндірілетін көкөніс көлемі 3,3 миллион тонна. Бұл ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етеді. Артылғаны консервілеуге, сақтауға, экспортқа жіберіледі. Ал маусымаралық мезгілде жабық топырақта небәрі 153 мың тонна балғын көкөніс өсіріледі.

Қалған 530 мың тоннадан артық қажеттілік (қызанақ, пияз, қияр, қырыққабат, сәбіз) нарыққа еліміздің көкөніс сақтау қоймаларынан және Орта Азия, Қытай, Ресей мен Ираннан келеді. Бүгінде елімізде 1,2 миллион тонна өнімді сақтау қоймасы бар. Өнеркәсіп қоймасы тапшылығы 417 мың тоннаны құрайды. Жеміс-көкөніс сақтау қоймасы тапшылығын болдырмау үшін 2020 жылға дейін оның көлемін 1,5 миллион тоннаға дейін жеткізу қажет. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстанда 136 гектар жерге жылыжайлар салынуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550