Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 3905 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 12:35

Биыл рекордтық көлемде астық жиналды

Биыл егемендік тарихында тағы бір рекордтық деңгейде астық жиналды. Оның жалпы көлемі 24 миллион тоннаға жуық. Таратып айтсақ, 17,9 млн тонна бидай, 3,3 млн тонна арпа қамбаға құйылды. Ал күріштің әр гектарынан 53,6 центнерден өнім алынып, рекорд жаңартылды. Сондай-ақ, ауыл­шаруа­шылық дақылдарының егіс көлемі ұлғайып, мал саны артты, - деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті.

Отандық өнімдерді экспорттау 3 есе өсіп, оның жаңа жүйесі қа­­лып­тасты. Агроөнеркәсіптік ке­шен инфра­құры­лы­мы бұрын­ғы­ға қарағанда жетіле түсті. Әлеу­­меттік-экономикалық даму көр­­сет­кіштері бойынша 9 айда ауыл шаруа­шы­лығы саласы өнді­рістік салалар арасынан суы­рылып алдыңғы қатарға шық­ты.

Биылғы жыл мал шаруа­шы­лы­ғына да өте қолайлы болды. Ста­тистикалық мәлімет бойынша, жылқы саны 2,2 мил­лионға, ірі қара 6,7 млн, қой-ешкі 20,8 млн басқа жетті. Осы малдардан алын­ған өнім ішкі нарықты толық қамта­масыз етіп, өндірілген сиыр мен жылқы етінің жалпы көлемі 1 млн тоннаны құрады.

Сыртқы саудада да соны же­тіс­тіктер баршылық. Қазақстан астық пен ұн экспорттаудан әлем көшін бастаушы елдер қатарында келеді. Жыл басынан бері 7,2 млн тонна астық экспортталды. Басты тұтынушыларымыз Ресей, Тә­жікстан, Өзбекстан, Иран, Қы­тай, Түркия және Италия мем­ле­кеттері болды.

Осы бағыттағы жүйелі жұ­мыс­тар одан әрі жалғасуы тиіс. Себебі, Мемлекет басшысы са­лаға серпін берер­ліктей үлкен қолдау көрсетіп отыр. Елбасының «Ауыл шаруашылығы өнер­кәсібі ұлттық экономиканы дамы­тудың негізгі күшіне айналды», деп айтуы соның тағы бір дәлелі. Еске сала кетсек, Мемлекет бас­шысы үстіміз­дегі жыл­дың 9 қыр­күйегінде өткен Үкі­мет­тің кеңейтілген отырысында агро­өнер­­кәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағ­дар­ламасын жасау туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясын­да жасалатын бағдарламаға енетін ұсы­ныс­тар мен оны жүзеге асырудың тиім­ді тетіктері Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен алқа мәжілісінде қарал­ды. Елбасының министрлікке жүктеп отыр­ған басты міндеттері – ауыл тұр­ғын­дарының табысын көбейту, ішкі нарықты толық отандық өніммен қамтамасыз ету, осы бағыттағы субсидиялау, несие­леу тетіктерін жетілдіру және дәл ба­ғыт­талған экспорттық саясат жүргізу мәселелері жан-жақты пысықталды.

Елбасы өз тапсырмаларында кешенді әртараптандыруға батыл бет бұру қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осы тапсырмаға сәйкес келер жылдан бастап бидай егетін егістіктер көлемі 2,3 млн гектарға кезең-кезеңімен қысқартылып, орнына майлы дақылдар егілетін болады. Атап айтсақ, сұранысы жоғары рапс, соя, сафлор сынды майлы дақылдар мен арпа, жүгері, қант қызылшасы сияқты дақылдарға қолдау көрсетіледі. Соның нәтижесінде қант импортын 97 пайыздан, 65 пайызға өсімдік майы импортын 38 пайыздан 16 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Осы өсімдіктердің өнім­ділігін арттыру үшін сапалы тұқым және тыңайтқыштар алуға мемлекеттен субсидия­лар бөлінеді. Келер жылдан бастап гектарлық субсидия тоқтатылып, орнына алынған өнім көлеміне берілетін көмек қаржы қолданысқа енеді.

Ал мал шаруашылығы саласында жемшөп даярлау бірінші кезекке шығады. Көп жылдық шөп даярлау, құрамажем шы­ғару, жайылымдардың жағ­дайын жақсарту мәселелері жаңа бағдарламада жан-жақты қам­тылып, мем­лекеттік қолдауға толық ие болып отыр. Осы шара­лардың негізінде сиыр және қой етінің экспортын 120 мың тоннаға жеткізу, құс етінің импортын 51 пайыздан 33 пайызға, балық импортын 67 пайыздан 46 пайызға және сүт өнімдерінің импортын 40 пайыздан 20 пайызға төмендету жоспарланған.

Сонымен қатар, агро­өнер­кәсіп­тік кешендегі мем­лекеттік реттеу тетік­терін жетілдіру ар­қылы ғылым мен өндірістің байланысын арттырудың әртүрлі шаралары қарастырылып, жүзеге асырылмақ.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543