Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2782 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:27

Жерді тиімді игерудің технологиясы түрленуде

Өнімділікті ұлғайтудың бір жолы - жаңа технологияны қолданысқа ендіру. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданының шаруалары егісті терең қопсыту технологиясын қолдану арқылы өнім көлемін екі есеге арттырмақ. Жерден алатын өнімнің өнімділігін арттырып қана қоймай, жерді тиімді игеру мақсатында мұның маңызы зор болып отыр.


Сондықтан жаңа технологияны ендіру - заман талабы деп түсіну керек. Осы орайда терең қопсыту әдісі тиімділігін дәлелдеген тәсіл. Жерді терең жырту арқылы табиғи ылғалдылықты ұзақ сақтап қалуға болады.

Бүгінгі таңда заманауи технологияларды өндіріске енгізу арқылы өнім көлемін екі есеге дейін арттыруға болатынына көз жеткізген оңтүстіктік дихандар терең қопсыту технологиясымен жұмыс жасауға да көшіп алды.

Аудан бойынша 2016 жылы жалпы 20,0 мың га егістік алқапқа терең қопсыту технологиясын ендіру тапсырмасы берілген болса, 2015-2016 жылдары аудан бойынша жалпы 29492,0 га егістік алқапқа терең қопсыту технологиясы ендірілді (147,5 %). Ауыл шаруашылығы саласындағы мұндай жаңа технологиялардың нәтижесі қазірдің өзінде өз тиімділігін дәлелдеуде.

Мақтаарал ауданының тәжiрибесi басқа аймақтағы мақта шаруашылығы мамандары тарапынан да қолдау тауып, қозалықты терең қопсыту технологиясын ендiру шараларын іске асыруға нақты қадам жасалып отыр. Терең қопсыту технологиясының ерекшелiгi, топырақты 70-80 сантиметр тереңдiкте қопсытып, жердiң 35-80 сантиметрден төменгi тығыздалған қабатын босатуға тiкелей әсер етедi. Осылайша өсiмдiк тамырының терең бойлауына, топырақ ылғалдығының ұзақ мерзiмге сақталуына ықпал жасайды. Нәтижесiнде егiстiктiң өсiп-өнуi жақсарып, өнiмдiлiгi артады. Жерді игерудегі мұндай тиімді қадамдар дихандардың пайдасын еселей түсуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578