Кім жаңарады? Қалай жаңарады?
Астанадан тараған бүгінгі жаңалық «Жаңарту» деген жаңа партияның жайы туралы айтады. Партияның жетекшісі А. Сәбденов деген кісі көрінеді. А-ның кім екені, қайдан шыққаны да әзірге белгісіздеу болып тұр. Ал аты - Артурзиньо(?).
Сонымен Артурзиньо Сәбденов басқаратын партия «Жаңартамыз» деп жұлқынып шыққанымен қоймай алдағы Парламент сайлауында Нұр Отаннан кейінгі орынды иеленетіндерін де жариялап үлгеріпті. Сондай ашық әм батыл мәлімдеме жасауына қарағанда «жаңартушылардың» жарылқаушысы да, жебеушісі де Президент әкімшілігінің (ПӘ) өзі болса керек. Жұртқа жария болмай жатып тіркелуге тиіс қолды жинап ала қойғандары да «пәлі, мынауың ПӘ-нің пәтиқасын алған партия ғой» дегенді ойлатады.

Қысқасы, «Жаңарту» нені жаңартады? Біздегі «бет ауызы» еш өзгермейтін билікті ме, әлде тетіктері жұмыс істеуден қалған жүйені ме? «Жаңарту» кімді жаңартады? Жаңалана-жаңалана жалыққан билікті ме, әлде жаңарудан жан бағуы қиындап кеткен халықты ма? Әзірге бұның біріне де біз жауап бере алмаймыз, біз түгілі жаңа партияның жетекшісі Артурзиньоның өзі де ауыз толтырып ештеңе дей аламсы белгілі. Бірақ, кезекті бір тықырдың таяп қалғаны анық сияқты. Қараша, бәлкім желтоқсан... сол бір екі айда ел тағы да электоратқа айналып депутат сайлап жүрмесін. Тегі, солай сияқты. Бізде саяси науқандардың қарсаңында осындай бір ойыншық партияның айқайлап, аттандап, қала берді асарлатып шыға келетіні бар емес пе? Ой, тәйірі-ай, «Жаңарту» дейді. Кімді жаңартпақ? Қалай жаңартпақ?
«Абай-ақпарат»