ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАУАБЫ
Редакциядан: Жақында "Abai.kz" ақпараттық порталында «Еңбекшіқазақ ауданы мемлекеттік тілге неге енжар қарайды?» атты мақала жарық көрген. Аталған мақалаға қатысты бүгін редакциямызға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлының баспасөз хатшысы хабарласып, Кемел Отызбайдың мақаласына қатысты ресми жауап ретінде хат жолдады.
Абай.кз сайтындағы
«Еңбекшіқазақ ауданы
мемлекеттік тілге
неге енжар қарайды?»
деген мақаланың
авторы
Кемел Отызбайға
Құрметті Кемел Отызбай!
2017 жылға дейін Еңбекшіқазақ ауданында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жеке бөлім ретінде жұмыс атқарған болатын.
300 мыңға жуық халқы бар аудан үшін тіл мәселесінің дамуы мен қолдану аясын кеңейту маңыздылығын ескере отыра, сонымен қатар, аталған бөлімде тілді дамыту жұмысын бір маманның жүргізуі тиімсіз болуына байланысты, аудандық білім бөлімі мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін біріктіру туралы шешім қабылданды.
Жаңа құрылған бөлімде «тілдерді дамыту» бойынша штатта үш маман жұмыс істейтін сектор құрылды, бұл бірінші кезекте тілдерді дамыту бағытында туындайтын бірқатар мәселелердің оңтайлы шешілуін қамтамасыз етіп, жұмысын жүйелендірей түседі. Сонымен қатар, екі бөлімнің біріктірілуі тіл мәселесін мектеп табалдырығынан қолға алуға мүмкіндік беріп, 50 мыңға жуық баланы қамтыйтын болады.
Бірақ, Сізге дұрыс ақпарат берілмеуіне байланысты, мақала бойынша қате пікір қалыптасып, оқырмандардың «тілдерді дамыту» жұмыстарының тоқтатылуы туралы ой түюлеріне жол берді.
Алайда, бұл шараның маңыздылығы кадр мәселесінің тиімділігін арттыруға бағытталып, жұмыстың оң нәтиже беруіне негізделіп жасалған.
Айбек Дүйсембекұлы
Бидаев
Еңбекшіқазақ ауданы
әкімінің орынбасары
Abai.kz