Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4158 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 07:49

Жанар Елдосқызы. «Дариға, домбырамды берші маған!»

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Шындығында, қазақ десе домбыра есімізге оралады. Бірақ қайран қазақ егізінен ажырап барады? Бұлай дейтініміз, бүгінде қалың көпшілік ішінде атадан қалған аспаптың тілін түсінетіндер аз-кем.
Белгілі этнограф Жағда Бабалықұлының айтуынша, домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар екен. Ендеше қазақта сол мыңжылдықтар бойы қанына сіңген дәстүр бар деген сөз. Қай кезде де әрбір қазақтың төрінде қара домбыра ілулі тұрған, қараша үйде қоңыр үн үзілмеген. Себебі халқымыздың шешені де, көсемі де, шер қайтарар сырласы да домбыра болған. “Дариға, домбырамды берші маған” деп Мұқағали бекер жырламаған. Кезінде Өзбекәлі Жәнібеков министр болғанда алдымен қара домбыраның қамын күйттегені еріккенің ермегі емес еді. Бірақ, бүгінде төрдегі домбыраның орны қарайып бос тұр. Қолда болмаған соң, қоңыр үн қалтарыста қалып барады. Қатқан сеңнің қозғалар да түрі жоқ. Байқасақ, ата-аналар да балаларын әлем мойындаған аспаптар деп скрипка, фортепианоға сүйрейді. Жеткіншектер үйренгісі-ақ келеді. Әттең, «Бірін қатты, бірін сәл-сәл бос ұста» деп тәлім берер ұстаз да жоқ. Сөйтіп, мектептен де меселің қайтады. Екі ортада тағы да жастар қазақтықтан қалып барады деп ренжиміз.

“Орнында бар оңалар”деп жүргенімізде, оңалмай отырмыз. “Аттан айрылсаң да ер-тоқымнан айрылма” дегенге салып, қара домбыраны «жылтылдатқаннан» не шықты? Одан қалса оны әлемдік аспаптардың көлеңкесінен көргенге мәзбіз. Адамның қолынан келмейтін дүние жоқ. Айға ұшып, компьютердің құлағында ойнап жүрген қазақ қалайша тегінде бар домбыра тарту қабілетінен жұрдай болған деген ой келеді сонда.
Осыдан біраз бұрын қызық оқиғаға тап болдым. Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатында бүтіндей бір класс бір айдың ішінде домбыра шертіп, өнер көрсеткен. Міне, тәрбие, міне, патриотизм. Онымен қоса өздері сегізінші сыныпта ғана оқиды. Ретін тапса өнбейтін істің жоқ екені анық қой. Сөйтсек бұл сыныпта да бар жоғы бес бала домбырадан хабары бар екен. Тәрбиеші алдымен сол бес балаға бір күйді ойнатып шығады. Соңынан бес домбырашымыз әр қайсысы бес-бес баладан бөліп алады. Кәдімгі арифметикалық прогрессия. Нәтижесінде 25 оқушы түгелімен домбырада ойнап, өнер көрсетеді. Біз бір мектептен бір оркестр әрең дайындаймыз. Соған шүкіршілік айтамыз. Сонда мектептегі «Ән-күй» сабағы кімнің әнін салып жүр?
Қазір қазақ бәріне таңғалады. Таңдайдан ұят болды өзі. Қазақтың баласы қазақша сөйлесе де, домбыра шертсе де, әйтеуір, бәрі таңсық. Бұлар қазақ үшін тамақ ішу, жүріп-тұру секілді үйреншікті дүниелер болуы керек емес пе еді? Ғылым ғылым болуы үшін белгілі бір критерилерге жауап беруі керек. Қазақ болу үшін де қазақ тілінде сөйлеп, домбыраны ажырамас бір бөлшегім деп тану қажет. «Бәлкім мені «шалақазак» дейтін шығарсыздар» деп ақталуды, өтірік ұялуды қоятын кез жетті емес пе? Мен оларды аямаймын, менің оларға жаным ашымайды. Жаным ашып болған (қашанғы аши берсін), қаным қайнайды.
Дариға дүние қазақтың домбырасын өзіне қашан қайтарар екен?

Жанар Елдосқызы
«Ана тілі» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404