Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6870 1 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 10:49

Ерік РАХЫМ: «БАҚ – ТАУАР»

Қаламы қарымды белгілі журналист Ерік Рахым oinet.kz ақпараттық-сараптамалық сайтына бас редактор болып тағайындалды. Әріптесімізді құттықтай отырып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.

 

- Ерік, oinet.kz ақпараттық-сараптамалық сайтына бас редактор болып барып жатыр екенсің. Құтты болсын! Әуелі осы oinet.kz ақпараттық-сараптамалық сайты жайлы айтып өтсең. Қашан құрылған, мазмұны қандай?

- Рахмет, Өміржан! Oinet.kz сайты ақпараттық агенттік ретіндегі куәлікті 2014 жылы алған. Тіркелген жері – Алматы қаласы. Ақпараттық-сараптамалық деп атауы айтып тұрғандай, негізінен осы екі бағытта жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілдерінде шығады. Құрылтайшылары да «өз ауылымызда» жүрген ұлтжанды азаматтар. Журналистиканың не екенін менен артық білмесе, кем білмейді.

Тіркелгеніне екі жылдан енді асса да, сайтымыздың тәп-тәуір танымалдығы бар. Бірқатар белгілі порталдар Oinet.kz-де жарияланған материалдарды көшіріп басады. Оны өз мысалымнан білемін. Бас редактор болып келмей тұрғанда-ақ Ойнетке мақалаларым жарияланып тұратын. Кейбір журналистер жеке өзіме хабарласып, сайтта жарияланған мақаламды өз сайттарына көшіріп басуды сұрайтын. Ендігі менің мойныма артылған міндет – сол танымалдықты одан әрі арттыру.

- Өзіңді қалың оқырман «Жас Алаш» газеті арқылы біледі. Интернет журналистиканың артықшылығы, кемшілігі неде?

- Интернет журналистиканың артықшылығы оның оперативтілігінде. Газет былай тұрсын, интернет журналистика қазір телеарнаның да алдын орап кетті.

Көпшілік сайттар «ақпараттық-сараптамалық» деп аталғанымен, құрғақ ақпаратты жарыса таратудан әріге аса алмай жүр. Сараптама жоқтың қасы. Әзірге мен көрген кемшілік осы.

 - Бас редактор ретінде oinet.kz-ке қандай өзгерістер жасау ойда бар? Жоспарың қандай?

- Базарға келген адам ең алдымен әдемі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Одан кейін сапасын тексереді. Ұнатса, сатып алады. Ұнамаса, басқасын іздейді. Бұқаралық ақпарат құралы да – тауар. Сондықтан, ең алдымен сайттың түр-келбетіне, одан кейін жарияланатын материалдардың мазмұнына баса көңіл бөлеміз.   

- Осы қазақ сайттарының жиі сынға ұшырап, мазмұн жағынан ақсап жатуының себебі неде деп ойлайсың?

- Көр-жердің бәрін жаза бермей, жарияланатын дүниелерге талғаммен қараса жеткілікті.

oinet.kz өзге ақпараттық сайттардан несімен ерекшеленеді? Сайттың өз жолын табуда қандай қадамдар жасалады?

- Сараптама мен журналистік зерттеуге көбірек көңіл бөлсек дейміз. Белгілі сарапшылар мен журналистерді автор ретінде тарту ойда бар.

- Уақыт тауып, әңгімелескеніңе рахмет!

Өміржан Әбдіхалықұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371