Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6433 0 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 09:14

CАБЫР АДАЙ. АТА МЕН АТА ЗАҢ

 

Ата - ұрпағының қамы үшін қандай қамқорлық жасаса, ҚР Ата заңыда Қазақ ұлтының болашағы үшін дәл сондай қамқорлық жасауға міндетті.

Дәрежесі асқақ, анық та, айқын және ұлттық мүддені қорғайтын бұлжымас қағида болуы тиіс. Себебі, ұлттық мемлекетпіз. Ал, сол ұлттық мүддемен Аталық қағидадан ауытқыған заңның барлығы -заңсыздықты заңдастырудың көрінісі болып қала бермек.

Ұлтын алдаған Ата заң - ұрпағын алдаған Атамен бірдей.

Ата заңға адал болайық, ағайын!

Көзі қарақты жандардың жан айқайына дер кезінде мән берейік. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін - ұлттық ой мен сананың тұтастығы қажет.

Бір xалықты өтірікке көндіруге болар, бірақ адамзатты шындықтан адастыру мүмкін емес. Осы жолғы ӘР ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ДЕГЕН ҚАТЫСЫ - ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНЫМЫЗ БЕН ҚҰНАРЫМЫЗДЫҢ ӨЛШЕМІ БОЛМАҚ. ӨЗГЕРТУ - ӨЗІМБІЛДІКТІҢ "ТУЫНДЫСЫ" ЕМЕС, ҰЛТТЫҚ ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ БОЛАДЫ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІЗ.

БҰЛ ЖОЛҒЫ АТА ЗАҢ БҰРЫНҒЫДАН ДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫР-ТАЛАЙЫНА ЖАҚЫНЫРАҚ, БОЛАШАҒЫНА ҚОРҒАН, ҚАЗАҚТЫ ҚАСІРЕТ ПЕН ҚАЙҒЫДАН САҚТАЙТЫН ҚАМАЛ БОЛАДЫ ДЕП СЕНГІМІЗ КЕЛЕДІ. 

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371