Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4589 0 пікір 1 Ақпан, 2017 сағат 17:30

ӨҢІРЛІК ХАБ: ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІ

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб бастамасымен сараптамалық материалдар – Қазақстан, Грузия және Әзірбайжанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибелерімен таныстыратын үш кейс-стади даярланды.

Хабтың халықаралық кеңесшілері «бір терезеден қызмет көрсету» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы реформалардың жүзеге асыру барысын Әзірбайжанның («АSAN» қызметі), Грузияның (Әділет үйлері), Казақстанның («Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы) халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру үлгілерінде сараптады. Кейстерде мемлекеттік қызмет көрсету реформаларын жүзеге асырған елдердің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, үкіметтердің халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру шараларына талдау жасалған.

«Бұл зерттеулерде елдердің қызмет көрсету орталықтарының даму кезеңдері ғана емес, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға байланысты туындайтын тосқауылдар, ортақ проблемалар мен олардың шешу жолдары сипатталған », - деді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб аппарат жетекшісі Ернар Жаркешов. Ол: «бұл кейстер осындай «бір терезе» орталықтарын құруды жоспарлаған аймақ елдерінің мемлекеттік қызметкерлері мен практиктеріне, өздерінің зерттеулері мен мемлекет саясаты бойынша пікір алмасуларға пайдалану үшін ғалымдар мен оқытушыларға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіре түсу үшін өз тәжірибесімен бөліскен үш ел үшін де маңызды білім өнімдері» екенін айтты.

Бұл зерттеулер Қазақстанда шығарылғанымен, алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіргісі келетін аймақтың басқа елдерінде де таныстырылады. Бұл жұмыстар - мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2016 жылы құрылған практиктер Альянсының жұмыс нәтижесі. Әріптестер желісі түріндегі Альянс жұмысы «бір терезе» жүйесі реформасын жүзеге асыруға, Хабқа қатысушы елдер арасында ынтымақтастықты арттыруға үлес қосады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371