Гүлзина Бектасова. "ҚЫЗ ЖIБЕКТЕН" АСҚАН КИНО ЖОҚ...
"Өткенге топырақ шашсаң, келешек сенi таспен атады"
Кезектi еңбек демалысында жүргем. Ұялы телефоныма Асанәлi аға Әшiмов хабарласты. "Қарағым, Гүлзина! Уақытың болса, маған келе аласың ба? "Түркiстанға" Сатыбалды сұхбат берген екен. Менiң оған қарсы айтар пiкiрiм бар едi" дедi. Үлкен кiсi өзi хабарласып тұрған соң, "жұмыста емеспiн, демалыстамын" деп айтуды жөнсiз санадым да, ағаны кабинетiне iздеп келдiм.
Газетiмiздiң 26 тамыздағы ("Түркiстан" газетi, №34) санында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтiң "Әр көрерменнiң өз Мұстафасы бар" атты сұхбаты жарияланған болатын. Аталмыш сұхбатта режиссер бүгiнгi қазақ киносына өз пiкiрiн, өзiндiк көзқарасын бiлдiрген екен. Сөз арасында қазақ киносының классикасы саналатын "Қыз Жiбек" фильмi туралы да өз ойын айта кетiптi режиссер. Нарымбетовтың "Қыз Жiбек" туралы айтқанын қаз-қалпында келтiрер болсақ, ..."Қыз Жiбек" театрландырылған фильм. Өте жақсы дүние. Бiрақ таза кино емес. Таза кино ендi ендi түсiрiлiп жатыр. Киноның тарихы опера және драма театрының тарихы секiлдi тереңде емес. Кино қаншама жыл опера мен драманың арасында қолбаланың рөлiн атқарып келдi" делiнген.
Ал, кино өнерiнiң майталманы, қазақ киносының мэтрi саналатын Асанәлi ағаның көңiлiн бұл пiкiр қатты жабырқатып тастапты.
"Өткенге топырақ шашсаң, келешек сенi таспен атады"
Кезектi еңбек демалысында жүргем. Ұялы телефоныма Асанәлi аға Әшiмов хабарласты. "Қарағым, Гүлзина! Уақытың болса, маған келе аласың ба? "Түркiстанға" Сатыбалды сұхбат берген екен. Менiң оған қарсы айтар пiкiрiм бар едi" дедi. Үлкен кiсi өзi хабарласып тұрған соң, "жұмыста емеспiн, демалыстамын" деп айтуды жөнсiз санадым да, ағаны кабинетiне iздеп келдiм.
Газетiмiздiң 26 тамыздағы ("Түркiстан" газетi, №34) санында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтiң "Әр көрерменнiң өз Мұстафасы бар" атты сұхбаты жарияланған болатын. Аталмыш сұхбатта режиссер бүгiнгi қазақ киносына өз пiкiрiн, өзiндiк көзқарасын бiлдiрген екен. Сөз арасында қазақ киносының классикасы саналатын "Қыз Жiбек" фильмi туралы да өз ойын айта кетiптi режиссер. Нарымбетовтың "Қыз Жiбек" туралы айтқанын қаз-қалпында келтiрер болсақ, ..."Қыз Жiбек" театрландырылған фильм. Өте жақсы дүние. Бiрақ таза кино емес. Таза кино ендi ендi түсiрiлiп жатыр. Киноның тарихы опера және драма театрының тарихы секiлдi тереңде емес. Кино қаншама жыл опера мен драманың арасында қолбаланың рөлiн атқарып келдi" делiнген.
Ал, кино өнерiнiң майталманы, қазақ киносының мэтрi саналатын Асанәлi ағаның көңiлiн бұл пiкiр қатты жабырқатып тастапты.
"Халық түсiнбеген өнердiң халыққа керегi жоқ, - деп бастады Асанәлi аға әңгiмесiн. - Бiз "көрермен үшiн емес, өзiмiз үшiн түсiремiз" деп, жиi айтып жатады. Оның бәрi дұрыс емес. Көрермен жақсыны бiледi. "Ақындар ақын үшiн жазу керек" деген пiкiрлердi де естимiз. Мұнысы ақындарды ақындар түсiнедi деген сөз болар. Ақын да халықтың бiр бөлiгi. Демек, ақындарды да халық түсiне алады. Киноны өнердiң ең кенже саласы деп айтуға болады. Ал, ендi киноның тарихын кейбiреулер өзiнен бастағысы келедi. Iргетассыз ғимарат - ғимарат болмайды ғой. Iргетасы мықты қаланған ғимараттың ғұмыры да ұзақ болады. Сондықтан, бұрынғы түсiрiлген кинолар, айталық, "Қыз Жiбектiң" халыққа ұнауының өзi, оның мықтылығын дәлелдемей ме? Бiз "Қыз Жiбек" фильмiмен Францияға барғанымызда, француздар фильмдi көрiп, таң қалған болатын. Француздар: "Кино дегенiмiз - өнер". Өнер барша халыққа түсiнiктi болуы керек. "Қыз Жiбек" жалғыз бiр ұлтқа қана тән фильм емес, ол бiздi де таңғалдырып отыр. Он екiншi ғасырда мәдениетi осындай болған елдiң қазiргi мәдениетiн айтпасақ та түсiнiктi" деп баға берген болатын. Осының бәрiн жоққа шығару, түрткiлеу неге керек?! Абайды, Жамбылды да жоққа шығаратындар да бар. "Жамбылды ақын дейдi, бiлмейдi екенбiз" дегендер де табылды бiр кездерi. Жалпы, өз басым өткенге тиiскенге қарсымын. Өзiнiң заманына олар жауап бердi. Олар халықтан шыққан, поэзияның алыбы болған адамдар. Өзiн-өзi көтермелеп айтуды бiлмеген. Өлеңдерiн қаламақы үшiн жазған адамдар емес. Халық қабылдады, халықтың ықыласына бөлендi. Сол сияқты, "Қыз Жiбек" те пәленбай мыңдаған көрерменнiң көңiлiнен шыққан фильм. Көрерменiнiң саны жағынан "Қыз Жiбекке" жеткен фильм жоқ.
"Қыз Жiбектiң" мақсаты - әдемiлiк. Эпос деген сөздiң өзi әдемiлiк емес пе? Бүгiнгi режиссерлерiмiз шет елге ұнау үшiн түсiредi. Олардың бойында өз елiн менсiнбеушiлiк басым. Сатыбалды бастаған топты бiр кездерi "Жаңа толқын" деп дәрiптедi. Сол "Жаңа толқынның" көрерменге жасаған түгi де жоқ. Оларды жиi дәрiптеп жатамыз. "Пәкiстанға кинофестивальге қатысып келдi" деп айтып жатады. Мен, мысалы, сол Пәкiстанға өз фильмiмдi жiбермес едiм. Онда артта қалған елдердiң киносы барады. Соның iшiнен сыйлық алып келедi. Оның бәрi әдiл баға емес. Халықтың арасында, жеке алғанда надандары болуы мүмкiн, бiрақ бiрiккенде, халық деген ұғым - ұлы. Ұлылығы - жақсы түсiрiлген, ұнамды фильмдi олар бiрден қабылдайды. Осы жөнiнен келгенде режиссерлер қателесiп жатады. "Халық менi түсiнбейдi" дейдi. Халық жақсы дүниенi неге түсiнбейдi. Америкаға барып, үйренiп келдiк деп жатады. Олар Голливудтың iшiне кiре алмайды. Бiр шетiнен үйренiп келген болады. Олар түгiлi, Голливудтың ортасына Михалковтар кiре алмайды. Сөйте тұра, Америкадан үйренiп келдiк деп мақтанады. Қалай десек те, "Қыз Жiбектен" кейiн шедевр туған жоқ. "Киноны ендi басталды" деп айтады. Ол өзi әрнәрсенiң басын ұстап, не жазушы емес, не сценарист емес, не режиссер емес. Бәрi орташа. Жазушылығы да орташа, режиссерлiгi де орташа. Одан үлкен дүние күтуге болмайды. Сосын жаңағыдай әңгiмелер көбейедi. Бiр кездерi "Кто такой Айманов? Я не знаю Айманова?" деген болатын. Айналайын, ол бiрiншiден, үлкен актер. Бiр елдiң киносын көрiп келiп, соған елiктеу Аймановта болған жоқ, ол халықтың өз арасынан шыққан ұлы режиссер. "Қазақ киносының негiзiн, iргетасын қалаған бабамыз" деп айтуға, оның тiлi бармайды. Айта алмайды. Тағы да, режиссураны өзiнен бастағысы келедi. Өстiп жүрген шерменделер. Мұндай шерменделер көп. Сондай сөздi бықсытқан көркеуденiң бетiне бiр фужер шарап шашып жiбергем бiрде. Мұндай сөздi айтуға бола ма?! Iнiм ретiнде ұрсып айтып отырмын.
Рас, бүгiнгi күнмен өткендi салыстыруға болмайтын шығар. Өйткенi, ол кездегi техниканың өзi солай болды. Соның бәрiне қарау керек. Қазiр мүмкiншiлiк мол, түсiретiн материал да бар. Түсiрсiн шедеврдi. Эпостар да жатыр. "Қыз Жiбектен" басқа талай эпостар, батырлар жыры бар түсiрiлмеген. Соның бiреуiне бара алмайды бұлар. Баруға шамасы да жоқ, сосын менсiнбеушiлiк басталады. Өткенге топырақ шашуға болмайды. Әруақ ататын сөз бұл. "Кино ендi басталды" деп, өткен фильмдердiң барлығын жоққа шығарғысы келедi. Осы пiкiрдi оқыған көрермендердiң бiрқатары өздерi маған хабарласып жатыр. "Мынаған жауап бермейсiз бе?" дегендерi де бар арасында. Аймановты қабылдамайды, Абайды қабылдамайды, "Қыз Жiбектi" қабылдамайды, сонда кiммен қаламыз? "Өткенге топырақ шашсаң, келешек сенi таспен ұрады" дейдi. Әруақ атады деп отырғаным осы. Бұрынғылардың көзiн көрген жалғыз адам ретiнде, мен бұған жауап қатпасам, кiм айтады?!", - дейдi Асанәлi аға ашынып.
Асанәлi ағамен пiкiрлесiп отырғанымызда, кабинетiне жазушы Бақытжан Қанапиянов кiрiп келдi. Әңгiменiң ауанын байқаған Бақытжан аға "Қыз Жiбектi" аударған аудармашы болғандықтан, өз пiкiрiн жасырып қала алмады. Бақытжан аға айтады: "Ол фильмнiң маңында тегiн адамдар жүрген жоқ. Ғабит Мүсiрепов ағамыз сценариiн дайындады. Фильмнiң бас-аяғына дейiн қасында болды. Сондай қиын уақытқа қарамастан, кеңестiк идеологияның мықтылығының өзiнде, осындай фильм жасап шығару екiнiң бiрiнiң қолынан келмейдi. Өткен фильмдердi қарап отырсақ, қаншама мәрте тамашаласаңыз да, қайта көргiң келiп тұрады. Тiптi, жаңадан көрiп жатқандай тамашалайсың. Демек, бұл өткен ретро фильмдердiң мықтылығында жатыр" дейдi.
Нарымбетовтың аталмыш пiкiрiне орай, белгiлi театр сыншысы Әшiрбек Сығай да өз ойын ортаға салды.
- Сатыбалды Нарымбетовтың сұхбатын оқыдым. Сұхбат деген кiтаптың белгiлi бiр тарауы немесе арнайы мақала емес, ауызекi айтылған сөздер ғой. "Әркiмнiң өз Шоқайы болады" деп айтыпты. Оның бәрi қазiр ақталу сияқты. Сауыншының өз Шоқайы болса, арбакештiң өз Абайы болса, онда бiзге рухани орта, суреткерлiк ортаны белгiлейтiн қандай өлшем болуы керек?! Халық сүйген, халық мойындаған, алаштың алдыңғы қатарлы, өркениеттi зиялы қауымы мойындаған Абайды, Шоқанды, Абылайды көрсек деймiз. Сондықтан, маған әруақытта барометр - менiң ой-қиялымды жүйеге келтiретiн, ол Әуезов жазып кеткен Абай. Әуезовтiк деңгейге көтерiле алдық па? Сондықтан, әр Абай болып, әр Шоқай болып, әркiмнiң қойны-қонышында кетсе, ол бөлшек-бөлшек болған әсер қандай бүтiндiктi, қандай бүтiн тұлғаны құрай алады?! Мен осыдан қорқам. Бұл жауапкершiлiктен құтылудың ең оңай түрi. Менiң Абайым осы, менiң Мұстафам осы деп жаза беруiмiзге болады, айта беруге де болады. Критерий деген бар емес пе? Елдiк, халықтық деңгейге көтерiлген, мемлекеттiк дәрежеге көтерiлген тұлғалар емес пе олар! Жiгiттердiң осылай әрқайсысы әр кейiпкердi, әр тұлғаны меншiктеп кетуiне мен оншалықты риза емеспiн. Менiң де өз Абайым бар, бiрақ, ол анау негiзгi Абаймен тұтаспаса, сонымен барып ұласып жатпаса, бәрi бекер деп түсiнем. Сатыбалдыда ертедегi фильмдердiң барлығын сәл жоққа шығарғандай сарын бар, тiке айтпаса да. "Кино ендi түсiрiле бастады, оны бiз бастадық" дегенiне мүлдем қосылмаймын. Мен оны, әрине кешiрсiн, талантты жiгiт, ойлы жiгiт, жаза бiлетiн, қалам ұстайтын жiгiт, бiрақ тұрмыс-тiршiлiктiң төңiрегiндегi нәрселердi, бiр кiшкентай күлкiсi бар, күлкiлi оқиғалары бар, ауқымы жөнiнде сәл шағындау көрiнiстердiң режиссерi деп бiлемiн. Ол туралы үлкен масштабтардың режиссерi деген ойға келе қойғам жоқ. Олай деп айтуға қақым да бар. Ол да мен туралы пiкiрiн ашық айтсын. Мұстафа Шоқай, Абай мен үшiн эпикалық дүниелер. Оларды таусылмайтын құдық, таптырмайтын орта, жан дүние, үлкен бiр әлем деп есептеймiн. Олар түпсiз терең тұңғиық, мұхиттан да терең. Өйткенi, 17-20 жылдардың арасында елден безiп, өзiнен жоғары тұрған анадай ортаға айбат көрсету - ол тек Мұстафа Шоқайдың ғана қолынан келедi. Сол Шоқайларды аңсап өстiм, сондай қайраткер аталарымның болғанына мақтандым. Ал, сол тұлғаны кинодан көрiп, көңiлiм олқы түсiп қалды. Менiң солай қабылдағаным үшiн неге кiнәлi болуым керек? Көңiлiм көншiмесе, оны керемет деп, неге өтiрiк шаттануым керек?! "Өтiрiк шаттанбадыңдар"деп ұрсатын сияқты, айыптайтын сияқты қазiргi режиссерлер. Бiрдеңенi тез, дереу шығаруға құмбыл. Тақырыпты бүлдiргенше асығатын сияқты. Сосын, "соны неге мойындамайсыңдар?" дегендей ой айтады. Сосын "Қыз Жiбек" сияқты шедевр дүниелердiң кеудесiнен итерiп, қарсылық көрсете бастайды. "Қыз Жiбек" сияқты халықтың көңiлiнен шыққан дүние бiзде жоқ. Оны мына Сатыбалдылар түсiре алмайды. Ондай фильм түсiру бұлардың қолынан келмейдi. Сондықтан, ұсақ-түйек бiрнәрселердi түсiрiп, соның төңiрегiнде проблема шешкiсi келедi. Негiзi, өнер проблеманы шешпейдi, бiрақ мақсат қояды алға. Қиял дүниесiне жетелейдi. Осы күштiлiк бұларға жетпей тұр. Сондықтан, "киноны сынайтын сыншылар жоқ" деп, әңгiме айта бастайды. Қашан Асқар Сүлейменов кино туралы мақала жазып едi, Әлия Бөпежанова қашан киноның проблемасын шешiп едi, Сағат Әшiмбаев кино туралы пiкiр айтқан емес. Қазiр "жалғыз сценарист Ермек Тұрсынов болыпты", онда күнiмiз қараң болғаны. Басқалар қайда? Жалғыз деген не сөз? Әкiм Тарази, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай жазып жүр. Олар қайда? Барлық киноның проблемасын Сатыбалды мен Ермек Тұрсыновқа берiп қоюымыз керек пе? Онда бiздiң өскенiмiз қайда? Сондықтан, сыншы, режиссер, сценарист жоқ емес, аз болса да бар. Сондықтан, жiгiттер шамасына қарап сөйлеу керек. Егер "Қыз Жiбектей" бiр фильм түсiрсе, мен Сатыбалды Нарымбетовтi басыма көтерер едiм. Аймановтар түсiрген музыкалық фильмдер қайда? Экранның мүмкiндiгi мол, аудиториясы үлкен. Халық қазiр қазақ киносынан мүлдем хабарсыз. Сонау Созақ, шет аудандар, Ақтөбедегi Шалқар аудандары қазақ киносынан мүлдем хабарсыз. Қазақ киносы жандану керек. Оны жандандыратын ұрпақ шығады деп ойлаймын.
P.S. Қазақ киносының тарихы бүгiннен емес, өткен ғасырдан басталады. Қазақ киносы кенже дамыған өнер шығар, бiрақ, мүлдем болмады деп асылық айтуға да болмас. Күнi кеше-ақ "Қазақфильмнiң" iргетасын қалаған тұлғаларымыз қазақ киносының қандай екендiгiн дәлелдеп кеткен. Қазақ киносы мықты болмаса, қазақ халқы күнi бүгiнге дейiн "Қыз Жiбек", "Атаманның ақыры", "Тақиялы перiште", "Менiң атым - Қожа", "Алпамыс мектепке барады", "Бандыны қуған Хамит" және т.с. сияқты қазақ кино өнерiнiң тарихында алтын әрiптермен жазылған фильмдерiмiздi тамсана көрмес едi ғой. Халықтан асқан сыншы жоқ. Ақ пен қараны таразылайтын да халықтың өзi.
«Түркістан» газеті