Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3362 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 17:43

Елбасы бірнеше министрлікті қайта құрды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚР Президенті Қаулыға қол қойды, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Қаулыға сай,

1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі:

әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне;

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне бөлу арқылы;

2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі экспортты ілгерілетуге жауапты ретінде айқындалып, туристік қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне беріле отырып;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне;

елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне;

сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылсын.

2. Мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта бөлуді;

2) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.»;

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;» деген жол алып тасталсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371