ЖАПОНДАР ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚЫП ЖАРЫСТЫ!
Жапонияның Хироо қаласындағы араб-ислам институтында жыл сайынғы 17-Құран оқу жарысы өтті.
Шараны Japan Islamic Trust басшылығы Құран жаттау жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесе өткізген.
Конкурс қатысушылары екі топ – жасөспірімдер және ересектер, ұлдар мен қыздар тобына бөлінді. Жеңімпаздар үш санат: Құранды әдемі оқу, жатқа оқу және 5 жүз (тарау), 2 жүз, 1 жүз және қасиетті Құран Кәрімнің 0,5 жүз (тармағын) жатқа айту бойынша анықталды.
Шараның салатанатты марапаттау рәсіміне араб-ислам институтының директоры Насер әл-Наим, Japan Islamic Waqf директоры шейх Акил Седики, сондай-ақ жапониялық белгілі мұсылман қайраткерлері қатысты. Ал, жеңімпаздарға ұмра қажылығына жолдама берілген.
Айта кетейік, Жапонияда мұсылмандар саны шамамен 70 000-ды құрайды. Жапония мұсылман ассоциациясының мәліметінше, 10 мыңнан аса жергілікті жапон ислам дінін қабылдаған.
Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова
Abai.kz