Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4017 0 пікір 24 Қаңтар, 2017 сағат 10:49

Ресейге салынған санкциялар жақында бітпейді

Ресей батыстың санкциялары жақында бітеді деген қиялдан арылуы тиіс, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев. Бұл туралы Reuters хабарлады.

"Елімізге салынған қандайда бір санкциялар бітеді деген қиялдан арылатын уақыт келді. Бұның ұзаққа созылатын түрі бар. Өзге елдің сайлаулары мен қандайда бір шетелдік басшыларға үміт артудың қажеті жоқ", - деді Медведев билік басындағы "Единая Россия" партиясындағы кездесуде.

Батыс Ресейге қатысты экономикалық санкцияларын Украинадағы дағдарыста Мәскеудің рөлі үшін енгізді.

Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзара тіл табысып, орыс-америка қарым-қатынасы реттеледі деп үміттенді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1267
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2803
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 915
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 863