Алматының көлік жүйесі Универсиаданы өткізуге дайын
Универсиада шараларын өткізуге байланысты Алматыда бірқатар учаскелерде жеке көлік қозғалысына шектеулер қойылады. Ал қоғамдық көлік белгіленген кесте бойынша жүреді.
Алау эстафетасы
Жексенбі күні, 29 қаңтарда Алау эстафетасы мына бағыттар бойынша өтеді деп жоспарланған:
Әл-Фараби атындағы ҚҰМУ – Тимирязев көшесі – Манас көшесі – Абай даңғылы - Сейфуллин даңғылы – Гоголь көшесі – Сейфуллин даңғылы – Төле би көшесі – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Байтұрсынов көшесі - Сәтпаев көшесі – Достық даңғылы – Республика алаңы.
Бұл бағыттар бойынша көлік қозғалысы сағат 10.00 ден 14.00-ге дейін шектелетін болады.
Алау эстафетасы көшелердің басым бөлігімен өтетіндіктен автобус бағыттары өзгермейді. Автобустар Алау эстафетасы өтетін бірқатар жерлерде тоқтатылады. Осылайша, жоғарыда аталған учаскелерде әр бағыт бойынша көліктер орташа 5-10 минут қана кідіреді.
Ашылу және жабылу салтанаттары
Универсиада ашылатын 29 қаңтар мен ойындар аяқталатын 8 ақпан күндері «Алматы Арена» стадионына көрермендер мен қонақтарды жеткізуге ерекше мән беріледі. Арнайы бағыттар бойынша біржақты жолақысы 100 теңгені құрайды:
- Орталық Стадион - «Алматы Арена»
- Астана алаңы (ҚБТУ) - «Алматы Арена»
Жарыс күндерінде
Жарыстар өтетін күндері көрермендерді спорт нысандарына тасымалдау үш нүкте арқылы атқарылады:
- Орталық Стадион;
- «Саяхат» автобекеті;
- Алматы-1 теміржол вокзалы.
Бағыт |
Бастапқы нүкте |
Соңғы нүкте |
Жолақы құны |
У1 |
Орталық стадион |
«Сұңқар» халықаралық трамплин кешені |
100 теңге |
У2 |
«Табаған» спорт кешені |
150 теңге |
|
У3 |
«Медеу» спорт кешені |
100 теңге |
|
У4 |
«Халық арена» мұз айдыны |
100 теңге |
|
У5 |
«Алатау» шаңғы – биатлон кешені (Әскери шатқалы) |
200 теңге |
|
У6 |
«Алматы арена» мұз сарайы |
100 теңге |
|
У7 |
Саяхат автобекеті
|
«Сұңқар» халықаралық трамплин кешені |
100 теңге |
У8 |
«Алматы арена» мұз сарайы |
100 теңге |
|
У9 |
«Алатау» шаңғы- биатлон кешені (Әскери шатқалы) |
200 теңге |
|
У10 |
«Халық арена» мұз сарайы |
100 теңге |
|
У11 |
«Медеу» спорт кешені |
100 теңге |
|
У12 |
«Табаған» спорт кешені |
150 теңге |
|
У13 |
Алматы 1теміржол вокзалы |
«Табаған» спорт кешені |
150 теңге |
У14 |
«Медеу» спорт кешені |
100 теңге |
|
У15 |
«Халык Арена» мұз сарайы |
100 теңге |
|
У16 |
«Алатау» шаңғы- биатлон кешені (Әскери шатқалы) |
200 теңге |
|
У17 |
«Алматы арена» мұз сарайы |
100 теңге |
|
У18 |
«Сұңқар» халықаралық трамплин кешені |
100 теңге |
Бұлардан өзге, көрермендерді жарыстар өтетін жерлерге бұрынан қатынап жүрген 555 автобустар жеткізетін болады:
1.Орталық Стадионға дейін – 17 бағыт, 282 автобус;
2 .Шаңғы трамплині кешеніне дейін – 3 бағыт, 88 автобус;
3. «Алматы Аренаға» дейін – 4 бағыт, 55 автобус;
4.«Халық Аренаға дейін» – 5 бағыт, 112 автобус;
- «Медеу» мұз айдынына дейін – 2 бағыт, 18 автобус;
Қажет болғанда бағыттар күшейтіледі.
Универсиада дирекциясы айтып өткендей, Ойындарға қатысушыларға (спортшылар, төрешілер, техникалық делегаттар және басқалары) 519 көлік бірлігі қызмет көрсетеді.
«Біз негізгі және альтернативті бағыттарды жасадық, қозғалыс хронометражы есептелді, полиция көлігінің еріп жүруі жоспарланған. Басты мақсат – қалалықтардың күнделікті өміріне еш кедергі келтірмей,Унивесриаданың тиімді және жайлы логистикасын қамтамасыз ету» - деп атап өтті Универсиада дирекциясы.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына, кміде-кім Универсиада өтіп жатқан кезде жеке көлігін пайдаланғысы келсе, онда FISU-дің талаптарына және дүниежүзілік парктикаға сай түрлі шаралар өтіп жатқан жердің айналасында 500 метрлік қауіпсіздік аймағының барын есте сақтаулары тиіс. Сондықтан, жеке көлік иелері сауық-сауда кешендері маңындағы тұрақтарға көліктерін қалдырып, әрі қарай қоғамдық көлікпен спорт нысандарына бара алады.
Abai.kz