Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3539 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 17:10

Трамп Twitter-ді БАҚ-қа сенбегендіктен пайдаланады

18 қаңтарда Fox News-қа берген сұхбатында Трамп таңертең ресми мәлімдеме жасау үшін және жеке түсініктеме беру үшін Twitter-ді пайдалана беретінін, себебі БАҚ-қа сенбейтінін айтады.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп аудиторияға өзінің жеке көзқарасын білдіру үшін Twitter-ді пайдаланатыны шын мәнінде өзіне ұнамайды дейді.

«Мен twit жасағанды жақсы көрмеймін. Менде мұнан басқа жұмыстар көп»,- дейді Twitter'де 20 миллионға жуық жазылушысы бар Трамп.

Бірақ ол әділетсіз БАҚ-пен жұмыс істегісі келмейтінін айтады. Бұл менің оларға қарсы тұратын жалғыз мүмкіндігім дейді ол.

Трамп сонымен бірге БАҚ-тың қарсылығынан кейін Ақ үйден пресс-корпусты ауыстыру туралы ойынан бас тартқанын да айтады.

«Баспасөз жынданып кетті. Мен оларға бәрін араластырмаңдар деп айтамын. Бірақ БАҚ-тың кейбір өкілдері Ақ үйге кіре алмайтын болады», - деп мәлімдеді Трамп. «Ішкі кіруге ұмтылушылар өте көп. Бірақ біз Ақ үйге пресс-брифингке келушілерді таңдауымыз қажет», - деді АҚШ-тың сайланған президенті.

Abai.kz

0 пікір