Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3797 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 10:14

Билік веб-сайттарға пікір қалдырушылардың телефондарын анықтағысы келеді

Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі отандық интернет басылымдарға пікір қалдырушылардың барлығын олардың телефон нөмірлері арқылы анықтауды көздейді. Заң актілеріне осындай өзгертулер енгізу ұсынылды.

Ақпарат және коммуникация министрлігінің ақпараттық кеңістікті бақылау басқармасының басшысы Михаил Комиссаровтың мәлімдеуінше, оқырман веб-сайтқа пікір қалдырмас бұрын телефон нөмірін тіркеуі керек, арнайы код алған соң ғана ол пікірін жариялай алады.

"Пікір бағанында кейде ақпараттық соғыс жүріп жатады, ол жерде ұлтаралық алауыздық туғызатын пікірлер де айтылып қалады. Анықтау механизмін интернет ресурстарға енгізу арқылы негативті пікірлерді азайтуға болады", - дейді Комиссаров.

Заң жобасы парламент депутаттарының қарауына биыл мамыр айында жолданады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1167
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2691
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 809
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 781