Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5838 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 12:22

ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЖОҚ БІЗДЕ!


Айналып келіп ұлттық педагогиканы айтамыз. Қазақтың ұлттық педагогикасы өткен ғасырдың деңгейінде, ұл мен қызды ағайын болып, ауыл болып, ру болып тәрбиелейтін көшпенді өмір салты деңгейінде қалып қойған жоқ па?

Қазір, қаладағы отырықшы өмір одан мүлде басқа. Локализация, оқшаулану. Ұлттық педагогиканы соған бейімдей алдық па? Меніңше, жоқ. Баланы 1 жасында, 3 жасында, 7 жасында, 13, 15 жасында қалай тәрбиелеу керек, осының ұлттық негіздері, қағидалары мен талаптары жүйеленген бе, жасалған ба? Жоқ. Әке мен қыздың, шеше мен ұлдың қарым-қатынасы қандай қағидаларға негізделуі керек? Әке мен ұл, шеше мен қыз дос болуы керек пе, әлде жекіп отырған дұрыс бола ма? Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды дейді, әлде аңда-саңда бір тартып жіберген дұрыс бола ма? Үлкенді сыйлау қорқудан басталады деген тағы бір қағида бар. Оны қайтпек керек?

Ешкім де баласының жат, безбүйрек болып кеткенін қаламайды. Бірақ, ұлттық педагогиканың негіздерін білмеген соң, батыс пен шығыс тәрбиесінің арасында шақшадай басы шарадай болып жүре ме деймін? Сонымен бізде заманауи ұлттық педагогика бар деп айта аласыз ба? Қараңыз да тұрыңыз, қазір менің осы жазбамдағы ұлттық тәрбиеге байланысты қызу пікірталас жүретін болса, соның өзі ұлттық тәрбиенің әлі де бір ізге, бір жүйеге түспегенін көрсетсе керек. Бұл маған қарсы дау айтпаңыз деген сөз емес.

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371