Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5792 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 11:01

АЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫ НЕ КҮТІП ТҰР ЕКЕН?..

Қазақстандағы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ұсталып, қамауға алынуы, таяуда орнынан тайдырылған министр Қ. Бішімбаевтың үстінен тергеудің жүріп жатуы, кезінде «екінші Берия» аталған Аслан Мусиннің елшіліктен бірден зейнетке кетірілуі,  зейнеткерлер қорының басшысы Р. Ерданаевтың ақша жеп қамауға алынуы,  т.б. шенеуніктердің жиі парамен ұсталып жатуы, «тіркеу» туралы заңның аяғының күн өткен сайын үлкен айғайға ұласа бастауы, біреулердің ашықтан-ашық Астана жезөкшелерін бай қытайларға саудаламақ болу әрекеті, орта білім беретін мектептерге зорлап енгізілген «үш тілділік», т.б. қоғамдағы түйткілдер қордаланып келіп, елді жайлаған экономикалық дағдарыстың соңы үлкен саяси дағдарысқа айналып бара жатуы неліктен

Осы арада басын ашып алатын бір нәрсе, халықты өздеріне ашық қарсы қойып отырғандардың өзінің тек билік тарапынан болып отыруы - тағы да амалсыз ойға қалдырады.

Сонда бұл арандатушы билік өкілдері ашықтан ашық қазіргі президент Н. Назарбаевқа қарсы шығып отырғандай әсер етеді.

Сонымен биліктің жоғары эшелонында тақ таласы мен бақ таласы басталып кеткен жоқ па деген  күдік қылаң береді.

Оның үстіне дәл осы тұста  Мұхтар Әбіләзовтің Франция абақтысынан босап шығып, біздегі саяси жүйеге ашықтан ашық қарсы шығып, күн сайын әртүрлі деңгейдегі саяси ақпараттар  таратуы, онсыз да іштерінен әзер тынып жүрген халықтар арасына, әсіресе, өз отанында өгей баланың күйін кешіп отырған осы мемлекетті құрушы Қазақ ұлтының  арасына үлкен бір дүрбелең әкелмей ме деген де күдік жоқ емес.

Әлемдік саяси ақуалдың күрделенуі, біздің билікке үнемі «әкелік қамқорлық» жасап келген және шетел тарапынан әртүрлі экономикалық санкцияларға ұшыраған  Ресейдің өзінің экономикалық жағдайының күн сайын нашарлауы, АҚШ-қа сан құбылған Трамптың президент болып келуі, ушығып тұрған Сирия мен Украина жағдайы да түптің түбі Қазақстандағы саяси ақуалға өз әсерін тигізбей қоймайтын сияқты ма, қалай?

Ұлт байлығын ұрлаумен, тонаумен, оларын үнемі шетел асырумен келген, шетелдердегі қаптаған офшорларға жүздеген миллиардтаған долларлар жасырған нағыз қазақстандық элитаның да тағдыры қыл үстінде тұрғандай әсер етеді...

Енді олар қит етсе, ұрлағандарын шетел асырып, өздері артынан қашып барып, жасырына қоятын қулықтарының да болашағы сенімсіз әрі бұлдыр болайын дегендей ме, қалай?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371