ЕДІЛІМ
Қазтуған жыраудың «Қайран да менің Еділім» деп келетін жырын бәріміз білеміз. Дәл сол өлеңмен үндесетін ноғайларда Шалкиіз жыраудың да "Еділім" деген толғауы бар. Шалкиіздің қазақ шығып бара жатқан кездегі қалдырған зары. Ноғайшадан қазақшалап өздеріңізге ұсындым...
Еділім
Құба нарға жүк артып,
Қос арбаны жектіріп,
Күніміз бұлай болды деп,
Жырау атқа мінген күн.
Жауырына қара қаптал киініп,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Қабырғалы қос ат айдап көшкен күн.
Екі көзін жас басып,
Танауларын шаң басып,
Бұл жасында жырауың,
Күні түзде кешкен күн.
Алаң, алаң, алаң жұрт,
Алаңдаған ұлы ноғай жұрт,
Ақ қапталдар киініп,
Атам күйеу болған жұрт,
Жібек тастар салынып,
Анам келін болған жұрт,
Сазандай құйрық тастатып,
Сан арғымақ өскен жұрт.
Сары балдай қымыз сапырып,
Сапырыла көшкен жұрт,
Келін келген құтты жұрт,
Жылғын жаққан жылы жұрт,
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жұрт.
Жайлақта жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жұрт.
Еділімсің – теңімсің,
Отың – шекер, суың – шәрбат,
Көп ноғайым кең жайлаған жерімсің.
Тәлейсіз Шалкиіз бүгінде,
Қазақ шығып барады.
Біздей болған жырауға,
Жолың болсын дермісің?!
Шалкиіз Тіленішұлы
(ноғайша - Шал-Кийиз Тиленши Улы)
Серікбол Хасан
Facebook-тегі парақшасынан