Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 8193 0 пікір 9 Қаңтар, 2017 сағат 00:00

ИТ ҚҰРЛЫ ДА БОЛА АЛМАДЫ-АУ, БҰ ҚАЗАҚ...

Қазіргі жастар ит ұстау мен оны төбелестіруге өте құмар болып алған. Бұл құштарлық неден бастау алды, бұларды баурап алған ит бойындағы күш-қуат не? Әрине, бұл ит бойына бекіген табиғи жалғыз ғана қабаған қайсар мінезі мен иттің өлімші төбелесі! Ит төбелескенде иелері мен қызық қараушы көрермендер үлкен бір толқуда тұрады. Ішіндегі эмоциялары аласапыран күйде болады. Бұл кезіндегі батыр қазақтың ұрпақтарының бойында қалған соңғы жалын, соңғы жылтыл ма деп те ойлап қаламын.

Яғни, өз бойларында жоқ төбелесті иттің бойынан табылғанға тамсану – жастар үшін соңғы эффект! Бұрынғы қазақ қасқырды ит құрлы көрмейтін еді. Ал қазіргілерге қасқыр арман ғой. Қолда бары ит қана. Ендігі мықтылықты ит бойынан ғана кездестіре алатын сияқты. Неге екі иттің қызылқан болып төбелескені жастар түгілі үлкендерді қызықтырады? Ит, ол – хайуан! Ол ештеңе білмейді, онда сана-сезім жоқ, көрген итімен қырылып кеп кетеді. Итте: «не үшін бүйттім, ол маған не істеді, мен бұны танымаймын ғой, ұят болып қалды-ау» дегені сияқты ойлар мен сезімдер жоқ. Ол ит қой, оған сол ит қылық тән!

Ал біз ше, біздікі не? Итіміз жеңіп жатса танауымызды аспанға шүйіріп, кеудемізді керіп, ең мықты адам құсап тәкәппарланамыз. Жеңген ит атынан жүлде алып шарт-шұрт етіп суретке түсеміз. «Мені бағып отырған осы ит» деп те қоямыз. Жарайды, жеңген сен емес, итің ғой. Ит құрлы жоқсың ба? Сондай шын марапатқа шын ие болғың келсе сен де неге күреспейсің елің үшін? Сен де неге қызылкеңірдек болып таласпайсың тілің үшін? Сен неге қызылқан болып өлмейсің дінің үшін? Сен неге ит құсап бірден қырылып кетпейсің жерің үшін? Көрдіңдер ме? Біз ақылды болсақ та ақылсыз иттен де төменбіз.

Біздің бойымыздағы рух өшіп қалған, намыс түсіп қалған. Жігер жағада жылап отыр, қайрат қайтты. Ынтымақ – ынтықтың түбіне кетті, ауызбірлік – жауызбірлікке айналды. Ит иесі үшін барын салады, біз ақша үшін ғана барымызды салып жатырмыз. Бұрынғының адамдары бала тұрмай жатса, тіл-көзден өліп қала беретін болса, балаларына ырымдап «Итекеш, Итемген, Күшікбай, Бөрібай» дегендей есімдер қоятын еді. Қазіргілер иттеріне «Батыр, Қайсар, Таймас» секілді аттар қояды. Яғни, біз бойымыздағы батырлықты да итке тапсырған сияқтымыз.

Менің айтпағым, жазбаша батыр болмай-ақ қояйық. Ия бірнәрсе жасайық, ия қолдан бірнәрсе келетін адам құсап пікір жазбайық. Біз бұл ит тірлікте не көрдік? Жоғарғы жақ ұлтты мазақ етумен айналысып жатқан сияқты. Астана намыстылары, Астана ұлтшылдары мен көзі ашықтары, Астанада агенттік ашып қазақ қыздарын қолы тимей жатқан кәсіпкер қытайлықтарға 25 мыңның тауары ретінде өткізбек болған орыстың бүлікші жаман қатынын сауатты түрде жауапқа тартыңдар, тиесілі орындар қандай да бір жауаптан қиқаңдап қашатын болса, онда ретін тауып бүлікшінің көзін құртыңдар! Орыс қатынның бұл басынуының арты үлкен апат болады. Екінші мәселе, Қарағанды ұлтшылдары мен намыстылары, Октябрь ауданына міндетті түрде Әлихан Бөкейханның есімін алып беріңдер! Және де, қай облыстан қазақты басыну мен мазақ қылу пайда болса, сол облыстың намыстылары сол іске жауапкер болсын! Қазақ елі үлкен, ана шетінің адамының мына шетіне бірден жетуі екіталай. Сондықтанда ояныңдар, ойланыңдар, бауырлар! Итекеш иттен ұят болмасын!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366