Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5001 0 пікір 1 Қаңтар, 2017 сағат 13:16

Қырғызстан арзан туристік бағыттардың үздік тізіміне енді

Америкалық Forbes қаржы-экономикалық журналы Қырғызстанды 2017 жылғы арзан туристік бағыттардың үздік тізіміне енгізді. Тізімде 17 ел бойынша 21 бағыт көрсетілген. Тізімде Қырғызстан жаңа туристік бағыт ретінде сипатталған.

Журналда Қырғызстан тарихы мен мәдениеті бай таулы мекен ретінде таныстырылды. Бұған қоса, Қырғызстан - әлемдегі ең тартымды әрі көпшілік біле бермейтін ел. Бішкек - Орталық Азияны, Ұлы Жібек жолы мұрасын зерттеуге болатын ерекше орталық.

Журнал бюджеті шектеулі туристер үшін Қырғыстан таптырмас орын екенін ескертеді. Қаланың тұрғын ауданыннан баспананы бар болғаны 15 долларға табуға болады, тойып тамақтану үшін 2 доллар жетіп жатыр. Тіпті дәстүрлі киіз үйде бірнеше ас мәзіріне тапсырыс беру үшін 20 доллар жеткілікті болады.

Журнал тізіміне Португалия, Оңтүстік Корея, Румыния, ОАР, Грецкия, Филиппины, Австралия, Тринидад және Тобаго, Словакия, Грузия, Лаос, Египет, Боливия, Юта штаты, Гватемала, Белиз және Гондурас енді.

Еске салайық, National Geographic, Financial Times, The Guardian және
Business Insider басылымдары Қырғызстанды 2016 жылы туристер көруі тиіс елдер қатарына енгізді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1091
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2637
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 762
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 729