Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Ауыс-түйіс 8031 0 пікір 28 Желтоқсан, 2016 сағат 18:27

ЕЛБАСЫ 8 АЙ МИНИСТР БОЛҒАН БИШІМБАЕВТЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТТЫ

Ақордада тағы да ауыс-түйіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ал бұл орынтақта 8 ай ғана отырған Қуандық Бишімбаев қызметінен босатылды. Қазірге Қуандық Бишімбаевтың жаңа лауазымы туралы ресми ақпарат тараған жоқ.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған.

2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.

2002 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап осы тағайындауға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі)​​ болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969