Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4739 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:04

2016 жылы Арыста мал саны көбейген

2016 жылы ОҚО Арыс ауданында мал саны көбейген. Мал басы және одан алынатын мал өнімдері де алдыңғы жылдарға қарағанда барлық түрінен артты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

2016 жылдың 6-айында: Ірі қара мал 31003 бас, 106,8%, қой-ешкі 399516 бас, 103,5%, жылқы 9405 бас, 100,2%, түйе 1614 бас, 104,1%, құс 60923 бас, 100,4%. Ет 3088 тонна, 100,3%, сүт 9520,5 тонна, 107,4%, жұмыртқа 3756,6 мың дана, 100,6% артқан.

2016 жылы егіс егу тапсырмасы 21,1 мың га-ға жоспарланса, орындалғаны 21,3 мың га, яғни 101,0%-ға жеткен. Оның ішінде суармалы жер игеру тапсырмасы 15,0 мың га жоспарланып, ал орындалған 13,4 га, яғни 89,5% құраған. Жаңадан қосылатын жер 6 айға тапсырма 300 га, орындалған 390 га, яғни 130% құрайды. Жаңадан ауылшаруашылығы техникаларын алу бойынша 6-айға тапсырма 18 бірлік, орындалған 31 бірлік, яғни 172% орындалды. МТС ашу тапсырма 1, орындалғаны 1 бірлік, 100,0%. Ауылшаруашылығы кооперативін құру 6-айға тапсырма 2 бірлік, орындалғаны 3 бірлік, яғни 150,0 %.

Ауыл шаруашылығын дамыту жолында Арыс алдына жан салмай, үлкен мақсаттар қойған болатын. Осы мақсаттарға жету жолында техникалық мүмкіншіліктерге де үлкен мән берілді. Себебі ауылды көркейту негізінде отанды көркейту және экономиканы өрістету жатыр ғой.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5325