Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3262 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 13:43

Ширек ғасырдағы көкөністің көлемі 5 есеге артты

Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті

Басқарма басшысының айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудың арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс көлемі биылғы жылдың қортындысы бойынша, 73 мың га. 80 мың гектарға, бақша 49 мыңнан 59 мың га., ал көкөніс 27 мың гектардан 40,4 мың га, картоп тоғыз мың гектардан 15,3 мың га артқан. Сонымен қатар, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мың тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мың тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

Сондай-ақ,  биылғы жылы орташа есеппен - 470 мың тн. астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га. құраған. Ал 1991 жылы астықтың түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Оңтүстік шаруалары өздерінің еңбекқорлығымен Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

«1999 жылдың аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеңшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардың саны 70 мыңнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтежиесінде, 2010 жылдан бастап мал шаруашылығының өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығының үлесі 55 % құрады»,- деді  Серік Тұрбеков Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377