Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3572 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

Мақта шаруашылығындағы инновациялық технологиялар

ОҚО да жүріп жатқан шаруашылық саласында жүріп жатқан жыл қортындыларында облыстағы мақта шаруашылығының ғылыми-зерттеу мәселелері де сөз болды.

Биыл мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулердi дамыту, отандық бәсекеге қабiлеттi мақтаның жаңа сорттарын шығару, жалпы мақта өндiрудiң тиiмдiлiгiн инновациялық технологияларды өндiрiске ендiру арқылы арттыру мақсатында «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институты ғалымдары айналысып, бiрқатар жетiстiктерге жеттi.

Атап айтсақ, елiмiзде өзiмiздiң отандық мақта сорты жоқ болатын. Бiз көршi мемлекеттерге тәуелдi едiк. 2000 жылдан бастап бәсекеге қабiлеттi өзiмiздiң отандық сорттар шыға бастады, қазiргi таңда оларды мақта өндiрушiлер пайдалана отырып, жалпы егiстiң 85 пайызына ендiрдi. Ендi ешкiмге тәуелдi емеспiз.

Соңғы жылдары институт ғалымдары 30-дан астам инновациялық технологиялар жасап, оларды өндiрiске ендiруге ұсыныс бердi. Сондай-ақ, 48 инновациялық және селекциялық патентке, 144 авторлық куәлiкке ие болды.

Ғалымдар дайындаған әзiрлемелердi өндiрiске енгiзу бағытында шаруалармен тiкелей байланысып, келiсiмшарт негiзiнде өндiрiстi ғылыми қолдау, лицензиялық және коммерциялық келiсiмдер арқылы жұмыс жүргiзуде. Институтта фермерлерге бiлiм тарату орталығы ашылған, мақта өндiретiн өңiрлерде бес шаруа шаруашылығының базасында институттың ғылыми жетiстiктерiн көрсететiн алаңдар ұйымдастырылған. Ғалымдар 23 шетел ғылыми-зерттеу институттарымен және екi халықаралық ғылыми-зерттеу компанияларымен тығыз байланыста.

Жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу фермерлердiң арнайы бiлiмi жеткiлiктi болғанда ғана жақсы нәтиже бередi. Өкiнiшке қарай, әрбiр 100 фермердiң 13-iнде ғана арнайы орта және жоғары бiлiмi бар, бұл өте төмен көрсеткiш. Осы проблеманы шешу мақсатында Қазақ Ұлттық аграрлық университетi басшылығы және мамандарымен тығыз байланыста жұмыс жүргiзудемiз. Бiлiктi мамандармен бiрлесiп атқарған жұмыс барлық уақытта жақсы нәтиже беретiнi белгiлi, сондықтан елiмiздегi мақта өндiру, оны терең өңдеп экспортқа шығару қолымыздан келетiн жұмыс деп есептеймiн.

Шетелдiк мақта сатып алатын трейдерлер елiмiзде босқа жүрмегенi белгiлi. Осы жерде мынадай ой туады. Егер шетелдiк трейдерлер бiздiң елiмiзден «олжалап» жатқан миллиондаған пайданы табумен өз елiмiздегi iрi бизнес өкiлдерi, кәсiпкерлер немесе «КазАгро» сияқты қаржылы мекемелер айналысса, қыруар қаржы өз елiмiзде қалар едi.

Мақта шикiзаты екiншi валюталық дақыл болғандықтан, Үкiмет қаулысымен бидай сияқты стратегиялық дақылдар қатарына енсе, «ақ алтынға» деген көзқарас өзгерер едi. Ал, мақтаға көзқарас дұрыс болса, саладағы бiрқатар проблемалар өзiнен-өзi шешiлiп кетерi сөзсiз.

Мақта – елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн 100 жылдық тарихы бар дақылдардың бiрi. Сондықтан осы саладағы мәселелердi бiрлесiп жүйеге түсiрсек қана мол өнiмге қол жеткiземiз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377