Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3446 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 18:21

Рекордтық көрсеткiштерге қол жеткiзуiмiз – шаруалардың төккен терiнiң өтеуi

Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы жылдары өнiмдерден рекордтық көрсеткiштерге қол жеткiзуiмiз – шаруалардың төккен терiнiң өтеуi. Екiншi жағынан облыстың климаттық жағдайы мақта, көкөнiс, бақша дақылдары мен жемiс-жидектердi өсiруге қолайлы. Әрi жайылымдарды жыл бойына азықтық база ретiнде қолданып, мал шаруашылығын қарқынды дамытуға зор мүмкiндiк бар, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ағымдағы жылды ауыл шаруашылығы еңбеккерлерi үлкен көрсеткiштермен қорытындылап отыр. Егiн шаруашылығына келсек, биыл 788,6 мың гектарға дақылдар егiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда егiстiк көлемi 12,8 мың гектарға артты. Оның iшiнде жемiс-жидек пен жүзiм 30 мың гектарға егiлдi. Қарқынды бау көлемi 2,1 мың гектарға жеттi. Ағымдағы жылы дәндi дақылдардан орташа түсiмдiлiк гектарына 26 центнердi құрап, Қазақстанның тәуелсiздiк кезеңiнен берi болмаған рекордты өнiм алдық. Нәтижесiнде қамбаға 676 мың тонна астық құйылды. Сонымен қатар, көкөнiстен – 963 мың тонна, бақшадан - 1 млн. 413 мың тонна, картоптан – 277 мың тонна, жемiс-жидек – 126 мың тонна, жүзiмнен 63 мың тонна өнiм жиналды. Бiр қуанарлығы, түскен өнiм көлемi жылдан-жылға ұлғайып келедi. Осыған қарай сапасы да жоғарылай түсуде. Өйткенi, нарықтық экономикада табыстың көзi сұраныста екенiн түсiнген шаруалар оны ұдайы арттырып отыру өнiмнiң сапасына байланысты екенiн бiледi.

Республикада өндiрiлетiн мақтаның – 100 пайызы, жүзiмнiң – 65 пайызы, бақшаның – 66 пайызы, мақсарының – 40 пайызы, жемiс-жидектiң – 31 пайызы, көкөнiстiң 24 пайызы бiздiң облыстың еншiсiнде. Сондықтан Оңтүстiктiң бүкiл республика тұрғындарын отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен қамтамасыз етуге толық мүмкiндiгi бар.

 Соңғы үш жылда жердi жаңа әдiспен игеру жұмыстары жүргiзiлуде. Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың гектарға енгiзiлдi. Мақтадан гектарына орта есеппен 26–27 центнер өнiм алынса, терең қопсыту технологиясын енгiзген шаруашылықтар гектар берекелiлiгiн 40–45 центнерге бiр-ақ арттырды. Аталған технологияның топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиiмдiлiгiн ескере келе, оны басқа да дақылдар мен тәлiмi жерлерге қолдану ұсынылды.

Облыста 463 мың гектар суармалы жер бар. Суармалы жердiң көлемiн ұлғайту iс-шарасы нәтижесiнде 2012–2016 жылдары 86,4 мың гектар жер жаңадан айналымға қосылды. Биыл суармалы егiстiк көлемi 5,2 мың гектарға артып отыр.

 Ағымдағы жылы 533 шақырымды құрайтын 47 су нысанын қалпына келтiру үшiн облыстық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлiнiп, осыған орай тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде. Алдағы уақытта каналдар жөнделiп бiтсе, 30 мың гектар жердiң ирригациялық жүйесi жақсарып, қосымша 1,5 мың гектар суармалы жер айналымға қосылмақ.

Суармалы егiстiктердi ұлғайту мақсатында екi iрi инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қызылқұм алқабын игеру арқылы Отырар ауданы мен Арыс қаласына қарасты 60,5 мың гектар жердi суармалы егiстiкке айналдыруға мүмкiндiк тумақ. Жаушықұм алқабына канал тартылса, суармалы егiстiк көлемi 15,2 мың гектарға арта түседi. Аталған жобаларды iске асыру үшiн 72,6 млрд. теңге қажет. Осыған байланысты 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк су ресурстарын басқару бағдарламасы шеңберiнде Үкiметке арнайы ұсыныс жолданды. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377