Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3140 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 18:05

ОҚО шаруалары соңғы 2 жылда 90 мың тонна ет өндірген

Мемлекеттен берілген жәрдемді тиімді пайдаланған облыс шаруалары соңғы 2 жылда 90 мың тонна ет өндірген. Оның тең жартысы облысымыздан тыс аймақтарға жөнелтілген, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Алдағы жоспар бұдан да ауқымды. Облысымызда басталған қанатқақты жоба «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» ісі ендігіде еліміздің басқа аймақтарында тәжірибеге енгізілмек.

Ұлболсын Сұлтанова - Қарасу ауылындағы мектепте дене тәрбиесі пәні бойынша мұғалім. Алайда, бұл мамандығы мал бордақылап, шаруашылықпен айналысуға  кедергі келтірмейді. Төрт түліктен төл өргізуді ұлдары мен  келіндері де игеріп алған. Қазір қорасында 13 бас ірі қара бордақыланып тұр. Бұл үшін Үкіметтен 5 жылға 7 пайызбен 2,5 миллион теңге несие алған.

Ал,  мына үйде 50 бастан астам ірі қара жемге қойылған. Қорада  сауынды сиыр мен жылқы  да бар. Осынша малды екі отбасы шашау шығармай бағып отыр. Шаруашылықтардың жұмысымен танысып шыққан өзге облыстан келген мамандар бұл тәжірибені өздерінде де қолданып көрмекші.

Бүгінде етті өткізуге ешқандай кедергі жоқ. Облысымыздың барлық аудандарында селолық тұтыну кооперативі ашылған. Олар бордақыланған малды сойып, ірі қара етінің келісіне 980 теңгеден санап беруде. Сондықтан бұл іске қызығушылар саны күн санап артып келеді. Белгіленген меже бүгіннің өзінде орындалып қойған.

Көзін тапса, бітпейтін іс жоқ. Осындай шаруашылықпен айналысам деушілер мал қорасы бүтін болса, 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін несие алуына мүмкіндік бар. Ал, көрші облыстан келген қонақтар облысымыздың басқа аудандарындағы жағдайлармен танысып шығуға аттанып кетті.

 Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377