Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6087 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 15:47

ОҚО-да асыл тұқымды қойдың саны 96 мыңға жеттi

ОҚО-да асыл тұқымды қойдың саны 96 мыңға жеттi, - деп хабарлайды Абай ақпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгiнде республикада еттi-майлы, биязылау және биязы жүндi қой тұқымдарын асылдандыру бойынша палата құрылуда. Бұл жөнiнде «Қой тұқымдары бойынша құрылған республикалық палатаның жұмысын, мақсаты мен мiндетiн түсiндiру» тақырыбында өткен мәжiлiс барысында айтылған-ды.

Палата асыл тұқымды қойларды өнiмдiлiк бағыттары бойынша ақпараттық селекциялық асылдандыру базасына есепке алу және тiркеудi ұйымдастырып, селекциялық асылдандыру бағыттарын реттейдi. Қойлардың тұқымдық құндылығын анықтайды және тиiстi куәлiк бередi. Шет елден әкелiнген асыл тұқымды қойларға берiлген куәлiктi растайды. Сонымен қатар, асыл тұқымды қойларға бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс бередi.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, облысымызда бүгiнгi таңда 4 430 000 қой бар. Оның 440 мыңы - қазақтың қылшық жүндi қойы, 43 мыңы - қаракөл, 35 мыңы - биязы жүндi қой. Қазақы қой облыстың барлық аудандарында өсiрiледi. Ал, қаракөл қой тұқымы Түркiстан қаласы, Отырар, Созақ, Мақтаарал аудандарында өсiрiлсе, биязы жүндi қой Қазығұрт, Сарыағаш, Төлеби, Түлкiбас аудандарында көп. Сонымен қатар, соңғы жылдары жергiлiктi ғалымдардың селекциялық жұмыстарының арқасында жаңадан «Ордабасы» қой тұқымы шығарылып, бүгiнгi таңда өңiрдiң барлық аудандарына таратылуда. Бүгiнде осынау асыл тұқымды қойдың саны 96 мыңға жеткен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377