ОҚО: Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 60 млрд. теңгеден асып отыр
ОҚО-да 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнім көлемі 60 млрд. теңгеден астам соманы отыр, деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі. «Оңтүстік» ақпарат баспасөз орталығында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Оспанбековтың желтоқсан айындағы мәліметтеріне сүйенсек, атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын баяндады. Оның айтуынша, облыста төрт айдың ішінде ауыл шаруашылық өнім көлемі 60 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 13 млрд.теңгеге артқан.
«Облыста ауыл шаруашылығы саласы «Агробизнес-2020», Ірі қара мал экспортының әлеуетін арттыру және облыстың 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы мен қабылданған іс-шаралар жоспарларлары аясында жүзеге асырылуда.
Осы орайда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 21 мың гектарға артып, биыл 800 мың га құрайтын болады. Ал бүгінгі күні 780 мың га ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды», ‒ деді басқарма басшысы. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс құрылымын әртараптандырудың нәтижесінде дәнді дақылдар 46 мың га, оның ішінде жүгері 20 мың, мал азықтық дақылдардың көлемі 62 мың, көкөніс, бақша 6 мың гектарға артса, тиісінше мақтаның көлемі 40 мың га, майлы дақылдардың көлемі 30 мың га кеміп отығандығын айтты.
Баспасөз мәслихатында Қ.Оспанбеков Мақтарал ауданының егістігін әртараптандыру бойынша қабылданған кешенді іс-шаралар шеңберінде, өткен жылы мақта алқабы 8 мың га қысқарып, орнына экономикалық тиімді бақша, жүгері, жоңышқа, көкөніс, жеміс-жидек пен жүзім егіліп, өткен жылы 6 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілгендігін баяндады.
Абай ақпарат