Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3080 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 13:27

ОҚО-да ет өндіру 111,4%-ға, сүт өндіру – 104,8 %-ға артқан

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтің Абай ақпараттық порталының тілшісіне мәлімдеуінше,  соңғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мыңға артып, 865 мың басты құраған, қой-ешкі 155 мыңнан 3 млн. 893 мыңға өскен, ал жылқы 16 мыңға артып 230 мыңға жеткен, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының желтоқсан айындағы дерегіне сүйенсек, соңғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мыңға артып, 865 мың басты құраған, қой-ешкі 155 мыңнан 3 млн. 893 мыңға өскен, ал жылқы 16 мыңға артып 230 мыңға жеткен. Сонымен қатар, ол мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілген. Мәселен, ет өндіру 111,4%-ға, сүт өндіру – 104,8 %-ға, жұмыртқа өндіру – 112,1 %-ға, жүн өндіру 110,1 %-ға артқан. Дегенмен, облыста мал саны мен өнімдері артқанымен келесі аудандарда төмен көрсеткіш байқалуда.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен ІҚМ саны Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында, уақ мал Бәйдібек, Ордабасы, Созақ, Төлеби аудандарында, жылқы Бәйдібек, Түлкібас аудандарында, түйе Бәйдібек, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында, құс саны Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас аудандарында кеміген. Осы жайттарды ескерген облыс әкімі жалпы мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі шаралар азайғанына тоқталды.

Мал шаруашылығын дамытудың басты мәселесі - бұл ветеринариялық қауіпсіздік екені белгілі. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда адамды кене шағу фактісі 40,4 пайызға өскен. Бұл залалсыздандыру жұмыстарының уақытылы жүрмеуінен болып отыр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409